21 Желтоқсан, 2010

Партия есеп береді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП аймақтарда есептік-сайлау конференция­ла­рын өткізеді. Оны ұйымдастыру мәселесі  20 желтоқсанда Астанада партияның аймақтық филиалдары басшыларымен болған селекторлық жиында басты тақырыпқа айналды. Жиынды ашқан партия Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың шешіміне сәйкес, «Нұр Отан» партия­сында жақында  есептік-сайлау науқаны басталады. Бұл шара­ның ерекшелігі сол, осы жолы партиямыздың жаңа бағдар­ла­ма­сы­ның жобасы қаралатын бо­лады», деді. Бұл бағдарламаны бүкілха­лық­тық деуге де болады. Өйт­кені, оны дайындауға танымал ғалымдар, сарапшылармен қа­тар, «Отандастар» акциясы арқылы 2 миллионнан астам ел азаматтары қатысты. Партия филиалы басшылары өз кезегінде есептік-сайлау кон­ференцияларын өткізуге дайын­дық, партияның жаңадан қайта жасақталып жатқан орган­да­ры­на сапалы кадрлар іріктеу, сон­дай-ақ, Саяси кеңес жиын­дары­ның қорытындылары туралы сөз етті. Нұрлан Нығматулин баса назар аударуды қажет ететін бір­қатар мәселелерге тоқталды. Ол, ең алдымен, бастауыш партия ұйымдары жұмыстарының ба­сым бағыттарын талқылау  және ұйымның стратегиялық нұс­қау­ла­рын халыққа жеткізетін, ақпа­раттық-насихат жұмысын жетілдіретін, съезден кейінгі белсенді жұмысты жалғастыратын  пар­тия­ның жергілікті жерлердегі бас­қарушы  органдарының сапа­лы, тиімді құрамын қалып­тас­тыру қажеттігі болып саналады. «Егемен-ақпарат».