24 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1293

474 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
30.11.2010 ж. Астана, Үкімет Үйі Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан  Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасы бекітілсін. 2. Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетте терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға көзделетін қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов ______________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  30 қарашадағы № 1293  қаулысымен бекітілген

Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу

ҚАҒИДАСЫ 1. Осы Қағида егер кешіктіру адамдардың өміріне немесе денсаулығына шынайы қауіп төндірсе, жедел медициналық көмекті қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін сондай-ақ терроризм актісін жасаған сезікті адамдарды қудалау мен ұстау үшін терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) немесе жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көлік құралдарының иелері) тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу (бұдан әрі – зиянды өтеу) тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар кезінде келтірілген зиянды өтеу үшін көлік құралының иесі терроризмге қарсы операция аяқталған күнінен бастап үш күн мерзімде терроризмге қарсы                   іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық органына (тұрғылықты жері бойынша не көлік құралын пайдалану орны бойынша) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған материалдық зиянды өтеу туралы өтініш береді. 3. Зиянды өтеу туралы өтінішке мыналар қоса беріледі: 1) жеке тұлғалар үшін – көлік құралы иесінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, ал ұйымдар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 2) терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде пайдаланылған көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 3) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы операцияларды өткізу жөніндегі жедел штаб басшысы берген, терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде көлік құралын пайдалану фактісін дәлелдейтін (көлік құралы бүлінген-бүлінбегені, жойылған-жойылмағаны немесе жанар-жағармай материалдарын пайдалану фактісі орын алған-алмағаны көрсетілген) анықтама. 4. Өтінішті тіркеу көлік құралының иесіне өтінішті қабылдау туралы растама бере отырып, осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштер мен жүргізілген төлемдерді тіркеу журналына жүзеге асырылады. 5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген, көлік құралының иесі таңдап алған тәуелсіз сарапшыда (бұдан әрі – тәуелсіз сарапшы) көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Бұл ретте көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына жүктеледі. 6. Егер өтініш беруші жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құнын өтеуді ғана сұраса, онда тәуелсіз сарапшыда көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу талап етілмейді. 7. Көлік құралының иесі өзі зиянды өтеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні iшiнде көлік құралын терроризмге қарсы операция өткізілгеннен кейінгідей жай-күйде сақтайды және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының лауазымды адамдарына бүлінген көлік құралын тексеріп-қарауына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянды бағалауды жүргізуіне мүмкiндiк береді. 8. Көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы берген тәуелсіз сарапшылар тізбесіне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес көлік құралы иесінің тәуелсіз сарапшыны таңдауы; 2) көлік құралының иесімен және тәуелсіз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргізу орнын айқындау; 3) бүлінген көлік құралына бағалау жүргізу; 4) көлік құралының иесін бағалау туралы есеппен таныстыру. 9. Көлік құралына кетірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу кезінде оны қалпына келтіру құны көлік құралының зиян келтірілгенге дейінгі есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріле отырып, зиян келтірілген күні қолданыстағы нарықтық бағалар негізге алына отырып есептеледі. 10. Көлік құралы жойылған кезде келтірілген зиянның мөлшері зиян келтірілген күнгі оның нарықтық құны негізге алына отырып айқындалады. Егер көлік құралын қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін болмаса немесе экономикалық жағынан негізсіз болса, ол жойылған болып есептеледі. Егер бұл ретте көлік құралын қалпына келтіруге арналған межелі шығыстар оның зиян келтірілген күнгі нарықтық құнының сексен пайызынан асып кетсе, көлік құралын қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан негізсіз болып есептеледі. 11. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағиданың               5-тармағында белгіленген мерзімде тәуелсіз сарапшыда көлік құралына келтірілген зиянды бағалауды ұйымдастырмаса, онда көлік құралының иесі тәуелсіз сарапшының қызметін дербес пайдалана алады. Көлік құралы иесінің тәуелсіз сарапшы қызметіне ақы төлеу жөніндегі құжаттамалық дәлелденген шығыстары өтелетін зиян сомасына қосылады. 12. Тәуелсіз сарапшы қорытынды шығарғаннан кейін уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының басшысы осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы бұйрық шығарады. 13. Зиянды өтеу бұйрық шығарылған күннен бастап  банктік үш күн ішінде көлік құралы иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады. 14. Зиян өтелгеннен кейін Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналында күні, өтелген материалдық зиянның мөлшері мен төлем құжатының нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады. 15. Төлемді заңсыз алуға бағытталған қасақана жасалған алаяқтық                     іс-әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғады. _________________ Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасына 1-қосымша ___________________________________ (уәкілетті органның  немесе оның аумақтық ___________________________________ органының атауы, лауазымды адамның әскери атағы, аты-жөні) __________________________________ (өтініш берушінің аты-жөні, деректемелері) __________________________________ __________тұратын немесе орналасқан Тел.:______________________________ Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініш __________________ терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында (уақыты, орны, оқиғаның сипаты) _____________________________________________________________________________ (үлгісі, шыққан жылы, қозғалтқыш нөмірі, шанақ нөмірі, шасси нөмірі, мемлекеттік тіркеу белгісінің нөмірі, сериясы, көлік ________________________________көлік құралын пайдалануға байланысты сериясы, көлік құралын тіркеу куәлігі және нөмірі) ______________________________________________________ қоса алғанда, (бұзылған көлік құралын қалпына келтіруге (жөндеуге) кеткен шығыстар) келтірілген материалдық зиянды, соның ішінде________________ _________ (атауы, маркасы) литр мөлшерде жұмсалған жанар-жағармай май материалдарының құнын өтеуді сұраймын. Материалдық зиянды мына мекенжай бойынша өтеуді сұраймын: ___ __________________________________________________________________ (облыс, аудан, қала, тұрғылықты жерінің мекенжайы, орналасқан жері) Банк мекемесінің атауы______________________________________________ Банктің БЖК, ЖСК_________________________________________________ Ағымдағы немесе жинақ шоты_______________________________________ _____________________________________________________________ атына (аты-жөні, деректемелері) Алушының СТН № _________________________________________________ Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін: 1. ________________________________________________________________ 2._________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________ 4. ________________________________________________________________ 5._________________________________________________________________ ______  «_____»______                           Өтініш беруші__________________ (жылы)             (күні)          (айы)                                                                                                   (қолы, аты-жөні) ___________________________________________________________ Қию сызығы) Азамат _____________________________________________________ өтініші №_____________ тіркелді     Өтініш қабылданған күн ____________________ Өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні, лауазымы мен қолы______________ ________________________ Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасына 2-қосымша Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы
Р/с № Өтініш берушінің аты-жөні немесе деректемелері Түскен күні, кіріс № Тұрғылықты мекенжайы, орналасқан жері Материалдық шығынды өтеу себебі (жердің, уақыттың қысқаша сипаттамасы) Келтірілген материал-дық зиян мөлшері Төленген ақша қаражаты бойынша төлем құжатының № және уақыты (тіркеуші-нің қолы)
1 2 3 4 5 6 7
__________________________