24 Желтоқсан, 2010

Назарбаев университеті – ынтымақтастық ұйытқысы

416 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Отанымыздың ұзақ мерзімді эко­но­микалық дамуын қамтамасыз ету үшін басым бағыт ретінде Елбасы бі­лім жүйесін дамытуды мақсат етті. Бү­гінгі күні ел халқының өркен­деуін­де­гі негізгі индикатор ретінде ба­ға­ла­нып отырған білім оны оқы­та­тын жо­ғары оқу орны бәсекеге қа­бі­летті ұр­пақты қалыптастырады. Міне, сон­­­­дай оқу орны Аста­на­мыз­дағы На­­­зарбаев Университеті дер едік. Бұл оқу орны елорданың сол жа­ға­лауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде 80 гектар алқапқа орын теп­кен. Ғимараттарының көлемі 143 мың шаршы метрді алып жатыр. Онда студенттерге арналған жатақхана, оқытушылар үшін тұрғын үй, өзге де қосымша құрылымдар бар. Мұн­дай игілікті іс қазақстандық жас­тар­дың алыс-жақын шетелдерге бар­май-ақ, өз Отанында әлемдік стан­дарт­тарға сай білім алуына мүм­кін­дік береді. Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы бойынша құрылған осы жо­ға­ры оқу орны болашақта білім берудегі ұлттық жүйенің және үздік әлем­дік ғылым-білім тәжірибесінің бар­лық озық жетістіктерін жинақ­та­ған Қазақ елінің ұлттық брендіне айналуы тиіс. Білім ордасы ел да­муы­ның индустриялық-ин­нова­ция­лық мәселені шешу үшін ұлттық инженерлік-техникалық және ғы­лы­ми қызметкерлерді даярлауда сапалы серпінді қамтамасыз ету үшін жа­сақ­талып, биыл жүзден жүйрік шық­қан бес жүзге таяу талапкер студент атанып білім алып жатқаны мәлім. Мемлекетіміздің мерейін өсірген университеттің ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқу орнының әлемде теңдесі жоқ, Қа­зақстандағы тұңғыш халықаралық дә­режедегі білім мекемесі екенін баса айтқан еді. Еліміздің болашақ зияткерлік элитасын қалыптастыру мақ­са­тында құрылған оқу орны екенін алға тар­тып, бұл жастарға, елдің бо­ла­шағына тартқан тарту, деген болатын. Тағы бір айтарымыз, универси­тет­тің академиялық және ғылыми сая­саты оқу орнына кіретін әрбір мектепке (факультетке) әлемнің жетекші жоғары оқу орындары қа­та­ры­нан шетелдік академиялық әріптесін табуды және қуатты ғылыми, өн­ді­ріс­тік базасына ие болуды мақсат етеді. Бұл елдің индустриялық-ин­но­ва­ция­лық даму міндеттерін шешу мақ­са­тын­да білім, ғылым және өндірістің арасындағы өзара байланысты қам­тып, сондай-ақ тиімді академиялық ор­таны құруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде университетте 484 адам бі­лім алып жатыр.  Лондон Универ­сите­ті (University College London) Foundation бағдарламасы бойынша 55 оқытушыны іріктеп алды, оның ішінде  экономика және физика пәндері бо­йынша екі қазақстандық оқытушы бар. Сондай-ақ, университетте сенбі күндері қазақ тілі сабақтары  өт­кі­зі­леді (МЖМБС стандарты бойынша). Жақында, нақтылай түссек, заман та­лабына, уақыт өлшеміне сай жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы 2010 жыл­ғы 15 желтоқсанда «Назарбаев Уни­верситеті» АҚ және «Самұрық-Қа­зына» Корпоративтік университеті» жеке мекемесі арасындағы ын­тымақтастық ту­ралы меморандумға қол қою рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Осы Меморандумның негізгі мақ­саты білім беру саласында ын­ты­мақ­тас­тықты дамыту, университеттер ара­сында өзара түсіністікті нығайту бо­лып табылады. «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» Назарбаев Университетімен ынтымақтастықта «Са­мұ­рық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ кіретін бар­лық еншілес құрылымдар, сон­дай-ақ мемлекеттік мекемелер, ұлт­тық және ірі бизнес компаниялары үшін жоғары дәрежедегі білікті бас­қа­ру кадрларын дайындауға көмек көр­сетуге қызығушылық білдіреді. Атал­ған Меморандум бойынша бір­лес­кен іс-шаралар өзара мүддені біл­діретін жұмыстарды әзірлеу және жү­зеге асыру, ғылыми симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, тұ­саукесер рәсімдерін, дөңгелек үс­тел­дер және іс барысындағы кездесулерді өткізуге бағытталады. Біз бұл ынтымақтастық екі тарап үшін де жемісті және пайдалы бо­ла­ты­ны­на сенімдіміз» – деді меморандумға қол қою салтанатында «Самұрық-Қа­зына» Корпоративтік уни­вер­си­те­ті­нің» директоры Гүлмира Болат­қы­зы Раисова. «Назарбаев Университеті біріншіден, ұлттық, сондай-ақ, дүние­жү­зі­лік деңгейде білім беруді қалып­тас­тырып, Отанына қызмет ететін жас­тардың ой-санасын өсіріп, білім бі­лігін арт­ты­ру­ды мақсат тұтады. Уни­верситет қыз­ме­тінің басты мақ­саттарының бірі болып, білім беру және ғылыми меке­ме­лермен ын­ты­мақ­тастықты, серіктес байланыс­тар­ды дамыту болып та­бы­ла­ды. Осы тұр­ғыда білім беру сапасын жетілдіріп, Қазақстанның жеке және ұлт­тық компанияларында жұ­мыс істейтін мамандардың біліктілігін арт­ты­ру ісінде, сол секілді тәжірибе алмасу барысында бұл келісімнің ма­ңы­зы ерек­ше деп білемін. Біз «Са­мұрық-Қа­зы­на» Корпоративтік университетімен» ынтымақтастықты осылайша жол­­ға қою жұмысындағы мүм­кін­дік­терін жоғары бағалай отырып, оны бо­лашағы мол жемісті қадам деп есептейміз» – деді «Назарбаев Уни­вер­си­теті» АҚ басқарушы директоры Стивен Грин. Сүлеймен МӘМЕТ.