24 Желтоқсан, 2010

«Баһадүр» 40 жаста

424 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлемге аты белгілі Екі­бас­тұздағы «Богатырь» кені­шінің  еліміз үшін  страте­гия­­лық маңызы бары белгілі. 1996 жылдары «Аксес индастриз» атты амери­ка­лық ком­панияның қа­рауын­да болды. Америкалық қо­жайын кеткен соң, еліміздегі  «Сам­рұқ-Қазына» АҚ мен ресейлік «РУСАЛ» компа­ниялары алып ке­ніш­тің бұ­дан арғы тағдырына иелік етуді өз қолдарына  алды. Бұл күндері  «Богатырь Көмір» ЖШС құрамына енетін бұл алып кешен өн­діретін көмірді еліміздің 11 электр стансасы мен ірі кәсіпорын­дары, Ресейдің 6 бірдей электр стан­сасы тұ­ты­нады. Өткен жылдармен салыстырғанда кеніштегі өн­дірістің барлық жүйесі жаңаша бағыт алып, жаңа за­ман талабына сай өзгеріс­ке енді. Бұрын қол жете қоймайтын технологиялар жаңартылды. Кеніште жаңа заман жүйесі тетіктерімен жабдықтал­ған 5 роторлық  экскаватор жұмыс жа­сайды. Яғни, көмір кеніштен сырт­қа ескі «БелАЗ» жүк көлік­терімен, вагондармен тасыл­са, қазіргі күні олар­ды жа­пон­дық ауыр жүк мәшине­лері алмастыруда. Сонымен қатар кеніште былтырдан бастап көмір тасы­мал­даудың жаңа циклды-ағынды тех­но­логиясы енгізілуде. Оның негізін гидравликалық экс­ка­ва­торлар, ауыр жүк кө­ліктері, қайта тиеу пункттері, ленталы конвейер және ұсақтағыш кешен жаб­дық­тары құрайды. Күрделі тетіктерден тұратын мұндай жаңа жүйенің тиімділігі – ол өнімділікті еселеп, ауаға ара­ласатын шаң-тозаң­ды мей­­лінше азайтады. Өнді­рістік шығындарға жол бермей, кеніштің жылына 50 миллион тоннаға дейін көмір өндіруіне мүмкіндік береді. Осы жылдар ішінде кеніш 1 миллиард 370 миллион тонна көмір өндіріпті. Ал, биыл­ғы жыл соңына дейін кәсіпорын Ресейге   42 миллион тонна көмір тиеуді жос­парлап отыр. Жалпы, қолға алған, жоспарға енген жобалар іске қосылғанда жылдық өндіріс 55 миллион тоннаға дейін жететін бола­ды. Міне, осындай жайлар  ел аузында Баһадүр-«Бо­гатырь» атанған кеніш­тің 40 жылдық мерей­тойында ай­ты­лып жатты.  Салтанатты кешке жи­нал­­ған кеншілер мен қонақтарды «Бо­гатырь Көмір» серіктес­тігінің бас директоры Виктор Щукин осындай ойлар төңі­регінде жақсы сөздер айтып, мерекемен құттықтады. Бү­гін­де біздің облыста жаңа индус­трия­ландыру бағдар­ламасы аясында 54 жоба жү­зеге асып жатса, оның оннан астамы Екібастұз өңіріне тиесілі. Көмір кеніші де бұл жобалардан тыс қалған жоқ.  Шах­терлерді  мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ба­қыт­жан Сағынтаев «Баһа­дүрдей» алып кеніштің өңір­дің дамуы үшін, әлеу­меттік-экономикалық саланы алға бастыруда маңызы зор» –деп атап өтті. Кеніштің да­муына еңбек сіңірген аза­маттардың бір тобы құр­мет грамо­талары және алғыс хаттармен марапатталды. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.