28 Желтоқсан, 2010

Басқара бер жұртыңды, басқара бер

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаевқа Айтылған әрбір сөзің ойда қалып, Еліңе ұл болғаның айдан анық. Ел қате сөйлемейді, ел біледі Тоқтарын ұлы жолдың қайда барып. Өмірдің өзіңе еріп сыйы келді, Ақ шуақ жарқылдайды сүйіп өрді. Сенің жолың ұлы жол – бітпейтін жол Жақсылыққа бастайтын дүйім елді. Бақыттың маңдайында күн күледі, Бұл жолмен батыр жүрмей кім жүреді. Маңайын қуанышқа бөлейді ылғи Ақылдың сәулесі мол күн жүрегі. Болады әрқашан да жұрт қалауы, Бақыттың жайнай түсті бақ пен бауы. Қасымызға жақындап келгендей-ау Арманның, ақ тілектің Алатауы. Жақсылық жол да берді, қол да берді, Құдай өзі қолдайды болған ерді. Мақтап жатса дүние өзіңді, інім, Неге бір жыр жазбаймын қолдап Ерді. Кісіліктің бойынан оты артылып, Көкірегіңде ел-теңіз жатар тұнып. Басқара бер жұртыңды, басқара бер, Уақыттың өзімен қатар тұрып. Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық жазушысы.