29 Желтоқсан, 2010

Тегімізді аздырмайық, ағайын

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тарих тағылымын терең зерделеген ұлттың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлел­денген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалады. Ал мемлекеттің өсіп өркендеуі, оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес. Мемлекет теориясындағы ал­ғашқы қоғам институтына кө­ңіл бөлетін болсақ, адам бала­сының саналы түрде өмір сүріп келе жатқанына алпыс мың жыл ғана болыпты. Ал оның ішінде, соңғы жеті мың жыл ғана адамзат бала­сы мемлекет нысанының шең­берін­де болса, қалған елу үш мың жыл бойы алғашқы қоғам негізінде дамып келді. Оқырман­дарға алғашқы қоғам жайында түсін­дірудің қажетті­лігі жоқ болар. Өйткені, рулық қоғамның ыды­рауы мен мемлекеттің пайда бо­луы­ның алғашқы белгілері тура­лы Фридрих Энгельс «Отбасы­ның, жеке меншіктің және мем­лекеттің шы­ғуы туралы» еңбегін­де жан-жақты ашып көрсеткен. Бізге, мәлім алғашқы қоғам­ның ыдырауына түрткі болған екі жәйт: біріншісі, қан араласуына тыйым салу /табу/, яғни отба­сы­ның қалыптасуы; екіншісі, ал­ғаш­қы жағдайдан туындаған, яғ­ни жеке меншіктің пайда болуы. Жоғарыда көрсетілген дәйек­ке сүйенетін болсақ, онда келесі сұ­рақ­қа жауап іздейік, қанның ара­лас­пауына сол кезеңде алғаш­қы қоғам қандай механизмді ор­нық­тырды?! Қазақ этносы ежелден ұстанып келе жатқан «Жеті ата» институты біздің ойымызша сол алғашқы қо­ғам­­да бірте-бірте жүзе­ге асқан механизм. Ал қазіргі қа­зақ­тан басқа ұлттар немесе этнос­тар әртүрлі себептерге байланысты бұл механизмді жо­ғалтты. Қанның арлас­пауына қа­тыс­ты өзекті мәсе­лені алға тар­тып отырған Ұлы­бри­та­ния­ның бү­кіл әлемге таны­мал генети­ка­лық институты соңғы он жылда қыз бойжеткен соң тек тұрмыс құрған ерімен ғана жақын­дасуын терең ойластыруда. Себебі, олар әркіммен жыныстық қатынас­та бол­ған қыз психикалық жүйесі бұ­зылған немесе ойлау қабілеті қор­қынышты тұрғыда дамитын нәрес­тені өмірге әкелетінін дәләл­деп отыр. Ағылшындардың ғылы­ми тұр­­ғы­сында зерделенген дәйек­теріне сүйенетін болсақ, «Жеті ата» институтын ұстанып қалу идео­­логиясы ең алдымен бізге, қазақ­қа ой салуы тиіс деген ойда­мыз. Иә, қазақты сақтап қалған, дені сау, рухы асқақ ұрпақ өсіруге себепкер болған осы институт еді ғой. Ендеше бардан ажырап қалмайық. Дархан ЖАБАЕВ, Қаржы полициясының қызметкері. Астана.