Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев қатысты.
Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы экономикалық көрсеткіштермен аяқтағанын атап өтті.
– Біз Бес институттық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды, тиісті құжаттар қабылданды. Президент Әкімшілігі, Үкімет, әрбір министрлік және әкімдіктер қойылған міндеттерді нақты орындауға атсалысуы қажет. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жалғастырып, менің алдымда есеп беретін болады және барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев реформалардың уақтылы және тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті.
– Мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет. Сонымен қатар, Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мемлекет қалыптастыру міндетіне сәйкес, барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы алғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суретті түсіргендер

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10