Ақтөбе өңірінде біраз жылдан бері ақ шұнақ аяз бен ақ басқын боран болмап еді. Мешін жылы табалдырықтан аттағалы бері «кәрі құдаң» қыс күшіне мініп тұр. Бірнеше тәулік бойы толассыз соққан боранның салдарынан облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызға ие «Самара-Шымкент» тасжолының Белогорка ауылы тұсындағы 794-шақырымын (Ақтөбе қаласынан 40 шақырым қашықтықта) қалың қар басып, 40-қа тарта автокөлік жол бойында кептеліп қалды. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аталған жол телімінде болып, жүргізіліп жатқан жолды қардан тазалау жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімінің тапсырмасымен азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары төтенше жағдай режіміне көшірілді. Тиісті қызметтер жолда қалған адамдар мен техниканы құтқаруға жұмылдырылып, жолдардың қар басып, көлік қозғалысына бөгет болған тұстарын аршып, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Хромтау және Мәртөк ауданы әкімдіктері боранда қалған жолаушыларды ыстық тамақпен қамту шараларын ұйымдастырды. Жаңа жылдың алғашқы үш тәулігінде барлығы 544 адамға тамақ жеткізілген. Олардың арасында балалар да бар.
Апаттық-құтқару жұмыстары кезінде 213 адам құтқарылып, 571 адам басқа жерге көшірілген. Жолда құтқарылғандардың 351-і Өзбекстан Республикасының азаматтары.
«Ақтөбе-Атырау» бағытындағы жол қатынасы да қалпына келтіріліп, Қандыағаш қаласының тұсында жиналып қалған 200-ге тарта автокөлік сапарын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ақтөбе қаласындағы №26 орта мектеп пен Мұхтар Арын атындағы Қарғалы орта мектебі ғимараттарында жолаушыларды орналастыру үшін жылыну пункттері ашылды. Мұндай жылыну пункттері Мәртөк және Әйтеке би аудандарында да жұмыс істеуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, апатты-құтқару жұмыстарына 371 адам, 273 бірлік техника тартылған. Бұл жұмыстарға облыстық төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттері мен «Қазавтожол» мекемесінің, әкімдіктердің қызметкерлері, сонымен қатар әскери бөлімшелер жауынгерлері мен «Тазалық» ЖШС мекемесі жұмылдырылған.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»,
Қуат Мұхтар,
журналист.
Ақтөбе облысы.
Суретті түсірген
Хайреден РАУШАНОВ.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10