Мұз құрсауында жатқан Солтүстік полюсте күн күрт жылынып, ауаның температурасы Цельсий бағанасы бойынша +1 градусқа дейін көтерілді. Бұл жайт мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Себебі, жылдың бұл мезгілінде аталған өңірде -30 градус аяз болуы тиіс.
АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасы өкілінің айтуынша, полюстегі ауа райын ғарыштан бақылайтын құрылғы аз уақыт осындай температураны көрсеткен. Ал аталған өлкенің өзінде әзірге осы бағыттағы арнайы аспаптар жоқ. Метеорологтар бұған жылдың басым бөлігінде мұз басып жатуы себеп екенін айтуда.
Ғалымдардың бірі: «Бұл құбылыс Ұлыбритания жағалауында соққан «Фрэнк» дауылымен тікелей байланысты. Өйткені, дауыл салдарынан болған тропикалық жылы ауа ағыны Солтүстік полюске жетіп, ауа температурасының дабыл қағарлық деңгейге дейін көтерілуіне әкеліп соқты. Бүгінгідей жаһандық жылыну мәселесі әлемді алаңдатып тұрған кезде бұл полюсте плюстік температура тіркелуі жағдайды тым ушықтырып жіберуі әбден мүмкін», – дейді.
Айта кетейік, Англияның солтүстік-батысында желтоқсан айының басында басталған нөсер жауын мен жойқын дауыл әлі жалғасуда. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан алғашқы күндері 60 мың үй жарықсыз қалса, Эплби елді мекенінен мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал жаңажылдық мереке күндері дауыл тағы да күшейіп, жеті мың үйді жарықпен қамтамасыз етіп отырған электр желілеріне залалын тигізді. Сондай-ақ, Камбрия графтығындағы қалалар мен елді мекендерді су басып қалды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
• 06 Қаңтар, 2016
Солтүстік полюсте 0 градустан жоғары ауа температурасы тіркелді

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10