балалар ауылының тәрбиеленушілерін үлкен қуанышқа бөледі
«Қазпошта» АҚ ұйымдастырған «Аяз Атаға хат жаз» акциясына Солтүстік Қазақстан облысынан 167 бүлдіршін үлкен белсенділікпен қатысты. Олардың арасында Петропавл балалар ауылының тәрбиеленушілері де бар. Бүгінде мұнда 7 мен 18 жас аралығындағы 51 жеткіншек тұрады. Дені жетімдіктің ауыр зардабын ерте тартқан санатқа жатады. Солардың бірі Виктория Голубцова отбасылық үлгідегі үйге Ғ.Мүсірепов ауданынан 2008 жылы келген. Шешесі қайтыс болған, әкесі аурушаң. Содан бері ананың жылы құшағын, аялы алақанын «ақ мама» атанып кеткен Ботагөз Амантайқызы мейірлене төгіп, өзге тағдырластарымен бірге үйде де, түзде де жұптарын жазбай келеді. Өткен жылдың желтоқсан айында «Аяз Атаға хат жаз» жобасы басталғанда осындағы 41 тәрбиеленуші жүрек түкпірінен шыққан жылы лебіздері мен ақ армандарын Нұрсұлтан аталарына жолдаған. Солардың қатарында жазуы маржандай Виктория да саусақтары майыса отырып ақжарма тілегін ақ қағазға түсірген. Барша балалар атынан Жаңа жылмен құттықтаған. Зор денсаулық тілеген. Хатын музыкалық орталығымыз ескірді, жаңасы болса деген тілекпен аяқтаған. Ойын баласы емес пе. Ұмытылып кеткен. Күтпеген сәлемде жеткенде абдырап, сасып қалған. Сөйтсе, Президент оның тілегі бойынша музыкалық орталық пен қазақ жазушыларының шығармалар жинағын арнайы тарту еткен. Жақсы оқуға үндеген. – Интернат 2001 жылы «Бөбек» қайырымдылық қорының бастамасымен құрылған болатын. Бастапқыда 4 үй еді. Былтыр аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қолдауымен тағы екі үй тұрғызылып, кеңейтілді. Мұнда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Ел азаматтары демеушілік қолдау көрсетіп тұрады. Былтыр 2,5 миллион теңгеге киім-кешек әперілді. Десек те Жаңа жыл алдындағы Елбасы сәлемдемесінің жөні мүлдем бөлек. Бұл қолдау тәрбиеленушілерді жақсы оқуға, үлгілі, тәртіпті болуға жетелейді, – деді сөйлескенімізде балалар ауылының директоры Арыстан Әкімжанов. Сөз арасында ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Арыстан Мырзахметұлының Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталғанын айта кеткен жөн. Бұл мекемеде үлгі боларлық бастамалар аз емес деген сөз. Басқа қатарластары сияқты Викторияның да басты арманы – жоғары білім алу, Қазақстанның жақсы азаматы болып өсу. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.Оқырман ойы: Игі істің дәнекері
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35
«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20
ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық
Саясат • Бүгін, 09:15