Өскемендік кәсіпкер, «Ләззат» тігін цехының жетекшісі Айгүл Тұңғатарова – сал ауруымен жеті жыл төсек тартып жатса да, өз өмірін өзі қолына алып, аяқтан нық тұрған, жеке кәсібін құрған ерік-жігері ерекше жан. Екінші топтағы мүгедек әйел әлеуметтік жәрдемақы көлемінің артуы кембағал жандардың тұрмысына сеп болатындығын айтады.
– Адамды алға жетелейтін – еңбек пен ерік-жігер. Елбасымыз осы қасиеттерді әрқашан елімізге үлгі етіп келеді. Біз, өмірде қаншама қиындық көрсек те, еңбектің арқасында көздеген мақсатымызға жеттік. Айталық, бүгінде ательемізде мүгедектіктің әртүрлі тобына жататын 14 адам еңбек етеді. Ал жалпы облыс көлемінде 18 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Кәсіпорнымызда жүзден астам төсек-орын жабдықтары мен арнайы киім түрлерін шығарамыз.
Президент жуырдағы Жолдауында жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Яғни, мемлекет әлсіз қорғалған азаматтарды қолдайды. Мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Бірақ бұл мемлекетке біржола масыл болу дегенді білдірмесе керек. Осы орайда Мемлекет басшысы «Басқалар табысты өз еңбектерімен табуы тиіс», деп атап көрсетті.
Әлбетте, Қазақстанда әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Мысалы, мен әлеуметтік жәрдемақы аламын. Биыл бұл көмек 1 қаңтардан бастап 30 пайызға артатыны ерекше қуантады. Сондай-ақ, біз жылына бір мәрте мемлекеттің қолдауымен емдік-сауықтыру шипажайына жолдама аламыз. 2015 жылдың 11 желтоқсанында кіл мықты кәсіпкерлер қатысқан «Алтын сапа» байқауының «Іскер» аталымы бойынша жеңімпаз болып танылдық. Президент Нұрсұлтан Әбішұлының алдында өз өнімдерімізді көрсетуге мүмкіндік алдық. Мұның барлығы ең алдымен Елбасының, тәуелсіз мемлекетіміздің қолдауы мен қазіргідей қаржылық қыспақ күшейген заманда өз азаматтарын қиындыққа қалдырмайтынының көрінісі деп білемін.
Жазып алған
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10