Жыл сайын елімізде мыңдаған білім гранттары бөлінеді. Бұл – біздер үшін жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігі ғана емес, үлкен жәрдем. Соның ішінде биылғы жаңа жыл біздер үшін жақсы жаңалықтармен басталғалы тұр.
Елбасымыздың пәрменімен стипендиямыз 25 пайызға көбейді. Қазіргідей жағдайда мұның әлі жалақы алмайтын жастар үшін көмегі өлшеусіз. Мемлекетіміз тарапынан осындай мүмкіндіктер жүзеге асырылып, студенттердің талпынысын ескеріп, жағдайларын жақсартып келе жатқанына алғыс айтамыз.
Өз басым білім грантына ие болып, бүгінде Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде журналистика мамандығы бойынша магистрлік дәрежесінде білім алып жүргеніме өзімді бақыттымын деп есептеймін.
Оған қоса университет ректоры Сәлима Құнанбаева да студенттерге көп мүмкіндіктер жасауда. Аударма және филология факультетінің 4-курс студенті Жансая Оспанғалиға университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысқаны және үздік оқығаны үшін оған жаңа оқу жылынан бастап жыл аяғына дейін 24 мың теңге көлемінде Ғ.Мүсірепов атындағы шәкіртақы тағайындады.
Халықаралық коммуникация менеджменті факультетінің «Журналистика» мамандығының ақылы бөлімінде үздік оқитын 3-курс студенті Валентина Беспалова да А.Пушкин атындағы шәкіртақыға ие болды.
Университетіміздің шәкіртақы тағайындау ережелеріне сәйкес үздік сабақ үлгерімі және университеттің қоғамдық, мәдени өміріне белсенді қатысқандары үшін 43 студент 1 қыркүйектен бастап 16 759 теңге мөлшерінде «Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ» АҚ шәкіртақы алып жүр.
Сонымен қатар, университеттің магистрант, докторант дәрежесіндегі білім алушылары үшін де мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер аз емес. Тегін білім алумен қатар, шет мемлекеттерге шығып, түрлі конференцияларға қатысып, шет тілді оқулықтармен танысып, тәжірибе алмасуға зор қолдау көрсетіп келеді.
Алдағы уақытта оқу озаттарының саны артып, елімізді әлемге танытар білімді ұрпақ көбейсін деп тілейміз.
Адина ЕРҚАРАЕВА,
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ магистранты.
АЛМАТЫ.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10