Қазақта «Көппен көрген ұлы той» деген ғибратты сөз бар. Қазір жұрттың әңгімесіне бақсаң, екінің бірі дағдарыс жайлы айтады. Қорқып сөйлейді, қорқытып сөйлейді. Халқымыз жаманшылық шақырып сөйлегендерді ұнатпай, «айтқан жерден аулақ» дейді. Дағдарыс бүкіл әлемді шарпып тұр. Ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Құр байбалам салғанша еңбектену керек. Дағдарысты қарсы тұрсаң ғана еңсересің.
Елбасы осылай боларын алдын ала айтты. Жөн-жобасын түсіндірді. Арнайы бағдарламалар қабылдап, Үкіметке тиісінше тапсырмалар берді. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған қауымға үлкен жеңілдіктер қарастырылуда.
Денсаулық сақтау мен білім беру саласы қызметкерлеріне 28-29 пайыз мөлшерінде еңбекақысы көтеріледі дегені жүрегімізді жылытты.
«Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.
Бізде мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай, ата-анасының мойнында отырған жастар көп. Жұмысқа шығайын десе мамандығы жоқ. Жұмыс болмаған соң бұйығыланады, қоғамнан оқшауланады. Жас адамға ақша керек. Ұрлыққа бейімделеді, бұзақы топтарға қосылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы келеңсіз жағдайлардың алдын алудың бір шарасы ретінде тегін кәсіптік-техникалық білім беруді ұсынып отыр.
«Мектеп бітіріп, оқуға түсе алмай қалған жастарды бірінші жұмысшы мамандығын алуды ұсынамыз. Үкімет оны жүзеге асыруға кіріссін», деді.
Бәріміз тастүйін болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, дағдарыс жеңіл өтеді. Ұлттың ұяты ұстаздар қауымы осы топтың басында болса болғаны.
Гүлнәз ӨТЕЙ,
Шымкент қосалқы мектеп-интернатының мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10