АСТАНА. 6 қаңтар. Атырау облысының Индер ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты «Байбоз» қыстағының шопаны қойларын жаю үшін далаға шығып, боранды күні адасып кеткен. Бұл туралы ras.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға 2 қаңтар күні болған. Алғашында күн ашық болып, малшы еш уайымсыз қойларын қорадан шығарады. Алайда, аяқ астынан ауа райы бұзылып, боран соға бастайды. Сол кезде шопанды іздеу жұмыстары да қолға алынады. Малшы келесі күні аман-есен табылған. Ол суықта отардың ортасына кіріп, қойлардың дене жылуымен жылынған екен.
Сонымен қатар, дәл сол күні Көктоғай ауылдық округіне қарасты «Сартебін» қыстағынан кешкі 6-лар шамасында «Нива» автокөлігімен шыққан малшының жоғалғаны белгілі болды.
«Бізге малшының қыстақтан жұмыстарымен 55 шақырым жердегі Көктоғай ауылына шыққаны және қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол күні толассыз қар жауып, соңы боранға ұласқан еді. Біз ауданның төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесіп іздеу жұмыстарына кірістік. Оған арнайы техникалар жұмылдырылды және ауыл тұрғындары да қол ұштарын созды. Жоғалған малшы 3 қаңтар күні, яғни, 11 сағаттан кейін табылды. Ол көлігімен күртік қарға малтығып қалған. Біз дер кезінде бардық. Себебі, малшыны тапқан кезде көліктегі жанармай да таусылуға жақындаған», – дейді Көктоғай ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Құсайынов.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ras.kz.
Сурет: azh.kz.
• 06 Қаңтар, 2016
Атырауда боран күні адасқан шопанды қойлар құтқарып қалды

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25