АСТАНА. 6 қаңтар. Қызылордалық кәсіпкер 50 млн.теңге грант алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиевтің айтуынша, былтыр «Қызылорданың құрылыс материалдары» ЖШС Кәсіпкерлер палатасына өтініш жасаған болатын. Компанияның басшысы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін инновациялық гранттар байқауына қатысқысы келетінін айтып, палатадан бизнес-жоспар және өзге де құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетуін сұрады.
«Қызылорданың құрылыс материалдары» ЖШС-і 2014 жылы құрылған компания. Ол облыста өндіріске инновациялық технологияларды және жоғары технологиялық, тиімді және экологиялық қауіпсіз әзірлемелерді енгізумен айналысады.
«Бүгінде компания «Пенобетон өндірісі үшін көбік шығару» жобасымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен жоғары технологиялы өнімдерді өндірудің бастапқы кезеңіне арналған байқауға қатысып, негізгі кезеңінен өтті. Сондай-ақ оң сараптамалық қорытынды алды. Жалпы грант көлемі 50 млн.теңге. Жақын күндері келісім шартқа қол қойылады деп күтілуде», дейді Дархан Мырзалиев.
Жалпы, бүгінде инновациялық гранттардың 9 түрі бар. Отандық кәсіпкерлер жоғары технологиялы өнімдерді өндірудің бастапқы кезеңінде 50 млн.теңгеге дейін, технологияны коммерцияландыруға 100 млн.теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеуге 30 млн.теңгеге дейін, патенттеу үшін 6 млн.250 мың теңгеге дейін қолдау ала алады. Жұмыс істер тұрған кәсіпорындар басқарушылық-өндірістік технологияларды енгізгені үшін 15 млн.теңгеге дейін, инженерлік-техникалық персоналдың шет елде біліктілігін жетілдіру үшін 2 млн.теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік маманды тарту үшін 9 млн.теңгеге дейін, консалтингтік, инжинирингтік және жобалық ұйымдарды тарту үшін 35 млн.теңгеге дейін, технологияны алу үшін 150 млн.теңгеге дейін гранттар ала алады.
Бағдарлама Инвестициялар және даму министрлігі арқылы жүзеге асырылуда. Бағдарлама операторы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25