12 Қаңтар, 2016

Австралиядағы мұхит жағалауынан ішінде хаты бар бөтелке табылды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-BotelkeАСТАНА. 12 қаңтар. Австралиямен шектесіп жатқан мұхит жағалауынан ішінде көмек сұрап жазылған хаты бар бөтелке табылды. Құтқару тобы қазіргі кезде мұхит үстінде апат болғандарды іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Саяхатшылардың бірі тауып алған бөтелке ішіндегі қағазда: «Екі күндік азығымыз қалды, жанармай бітіп қалды, қорқып отырмыз, көмектесіңіздер!» деген жазу жазылған. Сондай-ақ, ер, әйел адамдардың есімдері, әрі су көлігінің қай маңайда тоқтап тұрғаны шамалап жазылған. Жергілікті билік бұл есімдерді базадан іздегенімен таба алған жоқ. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полиция қызметкерлері хатта 2 қаңтар күні көрсетілгенін мәлімдеді. Тәртіп сақшылары тікұшақ арқылы іздеу жұмыстарын бастап кетті. Алайда, еш нәтиже берер емес. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: news.rufox.ru.