14 Қаңтар, 2016

ФИФА бас хатшысын қызметінен босатты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-01-2016-FutboolistАСТАНА. 14 қаңтар. Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығы (FIFA) бас хатшылық қызметін атқарып келген Жером Валькені орнынан босатты. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаңтардың 9-ы күні ФИФА-ның шұғыл өткізген мәжілісінде бұл шешімнің тез арада өз күшіне енуі талқыланды. ФИФА мен Жером Валькенің арасындағы еңбек қарым-қатынасы осы жерден тоқтатылды. Ал оның қызмет орнына Маркус Каттнер тағайындалды. Айта кетейік, Жером Вальке өткен жылдың 17 қыркүйек күні Бразилияда өткен Әлем Чемпионаты кезінде заңсыз жолмен билет сатты деген айып тағылып, жұмысынан уақытша шеттетілген. Ал 7 қаңтарда ФИФА-ның арбитражды палатасы Валькенің бұл әрекетін әшкерелеп шығарды. Жером Валькенің заңсыз әрекеті бұл іспен тоқтап қалған жоқ. Сондай-ақ, ұйым ішінде болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа да қатысы бар деген күдік бар. АҚШ басшылығының айтуынша, ол 2008 жылы ФИФА қорынан Солтүстік пен Орталық Америка футбол конфедерациясына және Кариб елдеріне 10 миллион доллар қаржы аударған. Бұл әрекетінің басты себебі, 2010 жылғы Әлем Чемпионатының Оңтүстік Африка Республикасында өтуіне байланысты дауыс жинаған. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.