Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;
2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар
№169
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №169 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №17, 212-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияла-рының төрағалары тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары-ның хатшылары Әкімшілік Басшысы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Әкімшілік Басшысы
»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерiн және өзге де басшы лауазымды тұлғаларын келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;».
2. «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы №917 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган жүргізеді.
Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. Іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Үкіметтік бағдарламалардың мониторингін оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүргізеді.
Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.
Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:
«58-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тиімділік аудиті шеңберінде ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.».
4. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі №871 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 6-9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларында:
16-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;
19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Қағидалардың 15-17-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептің, статистикалық ақпараттың; бақылау тексерістерінің; мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.»;
26-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.»;
118, 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«118. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.
119. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;
159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«159. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«162. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының шеңберінде өткізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 162-1-тармақпен толықтырылсын:
«162-1. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентіне тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.»;
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шаралары, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.»;
196, 197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«196. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде өзі жүргізген аумақты дамыту бағдарламасын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
197. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.».
6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды таныстырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:
меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өңірлік қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне – Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне – осы ұйымдардың басшылары;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына – Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсынымдар енгізеді.
Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.».
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №169 Жарлығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы
№917 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Есеп комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Есеп комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің туы, логотипі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
4. Есеп комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Есеп комитетінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Есеп комитеті өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер мұндай шешімді қабылдау осы Ережемен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Есеп комитеті Төрағасының құзыретіне жатқызылған болса, Есеп комитеті Төрағасының қаулылары, нормативтік қаулылары немесе бұйрықтары түрінде шешім қабылдайды.
7. Есеп комитетінің құрылымын Есеп комитетінің Төрағасы, мүшелері және аппараты құрайды. Есеп комитетінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8. Есеп комитетінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі».
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Есеп комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Есеп комитетінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Есеп комитетіне кәсіпкерлік субъектілерімен Есеп комитетінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Есеп комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Есеп комитетінің миссиясы Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржы тәртібін нығайту, мемлекет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
14. Есеп комитетінің міндеттері – халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру.
15. Есеп комитетінің функциялары:
1) мыналарға:
өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) қызметінің;
республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың;
мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын іске асырудың;
квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;
байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
салықтық және кедендік әкімшілендірудің;
шарттардың;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудит жүргізу;
2) мыналарға:
республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне;
мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана пайдалануға;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізу;
3) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
4) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізу;
5) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау қағидаларын әзірлеу;
6) мыналарды:
сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, оның ішінде онда мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың, Есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссияларының) тиісті құжаттарда қолданылатын логотиптерінің нысандары қамтылады;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын;
мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін;
тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені;
сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын;
сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын;
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережені;
салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені;
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне белгіленетін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;
9) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау;
10) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
12) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу және келісу;
14) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізу, әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асыру;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіру;
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
17) аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
18) тексеру комссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізу;
19) республикалық бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру;
20) шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорыту;
21) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсету;
22) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу;
23) жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын талдау, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорыту және зерттеу;
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды әкімшілендіру;
25) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;
26) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін және оларға өзгерістерді келісу;
27) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
28) алдын ала, ағымдағы және кейінгі бағалау түрінде сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру.
16. Есеп комитетінің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жекелеген тапсырмаларын орындайды;
2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы жыл сайынғы ақпарат, Қазақстан Республикасының Парламентіне өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есеп ұсынады;
3) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;
4) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
5) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды әрі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
7) бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы және мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады;
8) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;
9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады;
10) берілген өкілеттіктер шегінде экономикалық қауіпсіздіктің тәуекелдерін талдау және анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
11) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға (босатуға) ұсыныс енгізеді;
13) өздері қабылдаған актілердің мерзімдік жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады;
14) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауды жүзеге асырады;
15) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;
16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
17) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдард