АСТАНА. 14 қаңтар. Жапонияның солтүстігінде магнитудасы 6,7 баллды құрайтын жер сілкінісі болды. Ұлттық метереологиялық басқарманың айтуынша, эпицентрі Хоккайдо префектурасының солтүстігінде, 50 шақырым тереңдікте орналасқан. Апаттан зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Дегенмен, аталған басқарма мамандары табиғат апатының соңы цунамиге ұласуы мүмкін деген болжамға байланысты дабыл қағуда. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жер сілкінісі Жапонияның солтүстігіндегі 13 елді-мекендерінде және орталығындағы Хоккайдо, Аомори, Фукусима, Иватэ префектураларында сезілген. East Japan Railway темір жол компаниясының қызметкері солтүстікке бет алған «синкансен» жүйрік пойызының уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Ал жапон метеорологтарының айтуынша, цунами толқындары маңайдағы халыққа зиянын тигізбейді. Алайда, тұрғындардың тез арада алыстау жерге қоныс аударуларына кеңес берді.
Жапонияның ұлттық метеорологиялық агенттігі жер асты дүмпуінің болатынын бірнеше секунд алдын анықтап үлгерген. Осыған байланысты ел тұрғындарына құлақтандыру хабарламасы жылдам іке қосылды. Тіпті, дыбыссыз режимде тұрған ұялы телефондарға да естілерліктей етіп ескерту келді. Мұндай жүйе 2011 жылдың 11 наурызында болған қайғылы оқиғадан соң, қолданысқа енген.
Айта кетейік, аталған жылы Жапонияда болған 9,0-9,1 балды жойқын жер сілкінісінің арты су тасқынына ұласып, бірнеше елді-мекендер жермен жексен болды. Екі мәрте соққан жер сілкінісінен 14 мыңнан астам ел тұрғыны қаза тапты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29