АСТАНА. 14 қаңтар. Қазақ радиосының эфирінде 12-ші қаңтардан бастап Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде жасалған жаңа жоба тыңдарманға ұсынылды. Батырдың отбасы құндылықтарын насихаттайтын шығармасы Қазақ радиосының әуетолқынынан берілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бауыржан Момышұлы басынан өткергендері мен пайым-түсініктерін күнделікке жазып отырғаны бәрімізге белгілі. Батыр көрген-білгені мен ойларын жазу арқылы адамдардың ары мен намысын, санасы мен еркіндігін оята отырып, жақсылық жасауды адам бойына ең басты қасиет етіп сіңіру керек деп санаған. Оның қолынан бұл міндетті орындау келді.
Қазақ радиосының эфирінен «Ұшқан ұя» кітабының аудионұсқасын тыңдау арқылы әрбір тыңдарман бір отбасы негізінде батырдың туған жерінде сол жылдары болған оқиғалармен, көшпенділер заманындағы қазақ этнографиясының элементтерімен таныса алады. Бір қызығы, кітапты жазуға Бауыржан Момышұлының 1955 жылдың наурызында көрген түсі түрткі болған.
«Ұшқан ұя» шығармасында Бауыржан Момышұлы әкесі мен әжесінің айтқан ақылы мен өсиеттері арқылы отбасы тәрбиесінің маңыздылығын қозғайды. Автор, салт-дәстүрлерді отбасы мүшелерінің бейнесі арқылы қызықты етіп баяндайды.
Әскери шығармалар мен мемуарлар жанрына жататын «Ұшқан ұя» повестер мен әңгімелер жинағы 1976 жылы Қазақ Социалистік Совет Үкіметінің мемлекеттік жүлдесін иеленді. Кітап - халықты міндет, үлкенге құрмет, Отанына деген махаббат сияқты қасиеттерге тәрбиелейтін, ұлттық дәстүрлерін ұстануға баулитын шығарма.
«Ұшқан ұяның» аудио нұсқасы Қазақ радиосының әуе толқынынан 12-ші қаңтардан бастап жұмыс күндері таңертеңгі сағат 9:35-те, қайталауы кешкі 18:35-те беріліп жатыр.
Дастан Кенжалин.
Дерек: «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz
• 14 Қаңтар, 2016
Қазақ радиосынан Бауыржан Момышұлының шығармасы беріліп жатыр

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29