14 Қаңтар, 2016

Астанада интеллектуалдық байланыс орталығының жұмысы жанданып келеді

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
14-01-2016-astana smart 01АСТАНА. 14 қаңтар. Астанада интеллектуалдық байланыс орталығы ашылды. Оның жұмыс жоспары және астаналық смарт-бастамалар туралы шаһар басшысының орынбасары Нұрәлі Әлиев баяндап берді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана қаласының интеллектуалдық байланыс орталығы елорда тұрғындарының өтініштерін неғұрлым тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша жетілдірілген байланыс орталығы бірден 60 қоңырауға дейін қабылдайды. Әкім орынбасарының айтуынша, оператордың қатысуынсыз автоматты түрде өзекті ақпарат беру мүмкіндігінің арқасында 50 мыңға жуық өтініш өңделді, бұл жалпы қоңыраулар санының 62 пайызын құрайды. 2015 жылдың тек желтоқсан айында байланыс орталығында 6 оператор жұмыс істеген кезде 80 мыңға жуық өтініш өңделді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 2 есеге көп. Қазіргі кезде операторлар саны 15-ке жетті, бұл астаналық «109» қызметінің тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Нұрәлі Әлиев: «Байланыс орталығының мақсаты өтініштерді тек телефон қоңыраулары, smart.astana.kz порталы және электронды пошта арқылы өңдеу ғана емес, енді Астана тұрғындары өз өтініштерін #astana109 хэштегін көрсете отырып Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желілері арқылы да бере алады. Сондай-ақ, Astana 109 парақшасында да астаналық білім мекемелерінде сабақтың болу/болмауы туралы хабарламалар лезде жарияланатынын айта кету қажет. Мұндай тәсіл халық тарапынан жоғары баға алуда. Соңғы мәліметтер бойынша, бар-жоғы екі тәуліктің ішінде Facebook желісінің 5800-ден астам қолданушысы байланыс орталығының ресми парақшасына кірген. Анағұрлым танымал әлеуметтік платформа Instagram болып табылады. Ол жерде санаулы уақытта Astana 109 аккаунтына 4800-ден астам жазылушы тіркелген», – деді. Бұдан бөлек, жуырда Астана әкімдігі «Астана Innovations» АҚ бірлесе отырып, ауа райының жағдайларына байланысты мектептерде сабақтың болу/болмауы туралы хабарлама алудың тағы бір смарт-тәсілін ұсынады. «Алдағы екі аптада астаналық оқушылардың ата-аналары Smart Astana мобильдік қосымшасының бета-нұсқасын бірінші болып пайдаланып көреді. Аталған қосымша сабақтың болмауы туралы push-хабарламаны лезде алу функциясымен қолайлы болып отыр. Бұл тек басы ғана және «Smart Астананың» әлеуметтік-маңызды жобалары елорда тұрғындарының өмірін барынша жеңілдететініне сенімдімін», – деді Нұрәлі Әлиев. Осылайша, алғашқы екі күннің ішінде 18 000-нан астам елордалық ата-ана мен мұғалімге Smart Astana қосымшасы таратылып, орнатылды. Айта кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «051-қызмет» ММ негізіндегі Астана қаласының интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл барлық коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша елорда тұрғындарының өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы болып табылады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: astana.gov.kz.