АТЫРАУ. 14 қаңтар. Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын 32 жастағы Самал Шамханова үшем босанып, 8 баланың анасы атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін ері Дидарбекпен бірге 4 қыз және 1 ұл тәрбиелеп отырған Самал Шамханова құрсағына үшем біткенде төбесі көкке жетердей қуаныпты. Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады дейтін қазақы тәмсілді жетік білетін 32 жастағы көпбалалы ана Самал да мұны Алланың ерекше сыйы деп қабылдайды. Әрине, дәрігерлер де Самалды ерекше бақылауға алыпты.
Жаңа жыл қарсаңында, яғни, өткен жылдың 26 желтоқсанында Самал Шамханова үш ұлды бір мезетте жарық дүниеге әкелді. Оған әрине, облыстық перзентхананың дәрігерлері ота жасау арқылы көмегін берді. Сөйтіп, ата-анасы өздерін көл-көсір қуанышқа кенелткен үш ұлға Әлемхан, Ерхан, Тілеухан есімдерін беріпті. Үшемнің салмақ қосып, жағдайы жақсаруына бас-көз болып жүрген дәрігер-неонотолог Айгүл Сүндетованың айтуынша, 18 тәулік бойы үшем айрықша күтімге алыныпты.
Бұрнағы күні өмірге іңгәләп келген үшемнен соң 8 баланың анасы атанған 32 жастағы Самал Шамханова облыстық перзентхана дәрігерлеріне алғысын айтып, өзінің отбасы тұратын Құрманғазы ауданына аттанып кетті.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 14 Қаңтар, 2016
Атырауда үшем босанған 32 жастағы әйел 8 баланың анасы атанды

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29