14 Қаңтар, 2016

Қарулы Күштерде XIII Спартакиада басталды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14.01.2016 AST-23 АСТАНА. 14 қаңтар. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша XIII Спартакиада басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен аптада 3-ші алдын ала кезеңнің сайысы – әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери оқу орындарының чемпионаттары басталды. Сайыс қысқы кезеңнің бағдарламасы бойынша өткізіледі. Оған гір екісайысы, армспорт, қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы спорты (патрульдердің жарысы) және шахмат сияқты спорттың түрлері кіреді. Алғашқы болып Аэроұтқыр әскерлерінің чемпионаты жалауын көтерді. 12740 әскери бөлімінің базасында 200-ден аса армиялық спортшы Қарулы Күштердің чемпионатында қатысу үшін құрама команданың мүшесі болуға бақ сынасты. Барлығы Спартакиаданың алдын ала кезеңдерінде 2 300-ден аса әскери қызметші қатысады. ҚР ҚК XIII Спартакиада қысқы кезеңінің финалы Ақмола облысының Щучье қаласында өтеді.  Шешуші кезеңге 500-ден аса әскери қызметші қатысады делінуде. Әскери қызметшілердің міндетті түрде көрсететін ымырасыз күресі және жоғары спорттық нәтижелері болады деп күтілуде. Ал біліктілік талаптардың нормативтерін орындаған үздік спортшыларға ҚР спорт шебері спорттық атағы беріледі. Шешуші сайыстың нәтижелері бойынша үздік армия спортшылары ТМД достастық армиясының чемпионаттары мен өзге де халықаралық әскери-спорттық жарыстарда Қарулы Күштердің намысын қорғайтын болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 14.01.2016 AST-24 14.01.2016 AST-25