ӨСКЕМЕН. 14 қаңтар. Шығыс өңірінің биылғы жылғы басым міндеттерінің бірі еңбек өнімділігін екі есе арттырып, халықты жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру болып отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыста 16177 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Елбасы Жолдауында қарастырылған дағдарысқа қарсы шаралар мен құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыру қиындықтарды еңсеруге және экономикалық өсім ырғағын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Облыстық ақпараттық орталықта Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын сараптау мақсатында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Самал Мырзабаева осылай деді.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында халықты жұмыспен қамтуға зор көңіл бөлді. Президент атап өткендей, жаңа экономикалық жағдайлар аталған саланың күшейтілуін талап етеді. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Үкімет жұмыс орындарын құру мен сақтауға, қызмет көрсетудегі жұмыспен қамтуды кеңейтуге, еңбек ресурстары сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруды ынталандыруға басымдық берілген «Жұмыспен қамтудың жол картасындағы» өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады. Өзектілігі арта түскен карта өз жұмысын 2016 жылдан бастайды», деді Самал Мырзабаева.
2016 жылға жоспарланған 16177 жаңа жұмыс орнының ішінде индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша – 930, «Бизнестің жол картасы» бойынша – 303 жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелер беру жолымен кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру есебінен 1520 жұмыс орыны құрылмақ.
Айта кетелік, биыл өңірде жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асатын ТҮКШ, инженерлік-көліктік және әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша 73 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 901 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 1,1 млрд теңге көлеміндегі 400 шағын несие беріледі.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 14 Қаңтар, 2016
Шығыс Қазақстанда 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29