Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Қазанбасы ауылдық округіндегі Бағаналы елді мекенінен бұл өңірде бұрын-соңды кездеспеген түсініксіз бір мақұлық табылды. Куәлардың айтуынша, жұмбақ жәндіктің сыртқы келбеті үлкен сұр құртқа ұқсайды екен.
Айналасын қалың орман қоршаған ауыл адамдары осы күндері қазан айында түсірілген көмірлерін тазартып шығып, енді отқа жаға бастаған. Сол тазарту жұмысының барысында мектепке түсірілген көп көмірдің арасынан көлемі кәдімгі бөлке нанға жетеқабыл жұмыртқа кейіпті жанды зат шыға келген.
Кейінірек бажайлап қарағанда, табылған жәндіктің сыртқы қабығы желімдей жабысқақ екені де анықталған. Тіпті, жұмыртқаға да ұқсамайтын сияқты. Оның ішінен сосын ұзындығы 20 сантиметрдей болатын құртқа ұқсас бір мақұлық шығыпты. Бұған қайран қалған жұмысшылар әлгіні тездетіп мектептегі еңбек кабинетіне әкеліп, түр-сипатын анықтап көру үшін үстіне су құяды. Сол кезде мақұлықтың құйрық жағы үрленіп, біртіндеп қимылдауға көшеді. Таяқпен түртіп қалғанда, жәндік өзінің бастапқы сұрғылт түсін бірден көгілдір бояуға өзгертіп шыға келген. Әлгінің аузында кішкене азу тістері бар көрінеді.
Ауылдық округ әкімі қаладағы ғылыми-зерттеу институтына хабарласуға кеңес беріпті. Бұған көңілдері толмаған ауыл тұрғындары: «Сонау жер түбіндегі біздің елді мекенге оқымыстылар осы үшін арнайы атбасын бұрып келе қоймайтын шығар», – деп енді ешбір әрекетсіз отырған көрінеді. Сосын сол жерде жұмыс жасайтын Гена атты жігіт жұмыртқаны да, әлгі мақұлықты да үйіне алып кеткен екен.
Руслан ИГІЛІК.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17