«Ел іші – өнер кеніші» деген рас сөз. Жұртшылықтың арасында түрлі өнерді меңгеріп қана қоймай, өз ойымен жаңа дүниелер құрастырып шығаратын азаматтар бар. Кеңес өкіметі қирап, Тәуелсіздіктің елең-алаңында талай дүниенің қадірі қашып кетті ғой. Сонда кеңшардан қалған көліктердің де тек қаңқасы қалған кезең болды. Ауылдағы Жұманазар деген ағамыз Газ-53 көлігіне трактордың моторын қойып жүргізгенде ағайынның бәрі айран-асыр таң қалған. Мұның өзі өнертапқыштық.
Ал, қызылордалық Ақдидар Әбдіхалықов отандық көлік өндірісін қазақы нақышпен көмкеріп, дамытуға ниет қылып отыр. Ол қазақстандық брендтердің бірі ретінде ұлттық құндылықтарымызбен астастыра отырып темір тұлпар жасағысы келеді. Ойы ұшқыр жігіт қазірде асық пішіндес көліктің үлгісін дайындап қойды. Оны «Асықпа!» деп атаған. Ақдидар бұл үшін бір жылдай еңбектеніпті. Тіпті, өзінің жеңіл автокөлігін сатып, қаражатын осы тың дүниені жасауға жұмсаған. Автордың айтуынша, көліктің қаңқасын ағаштан иіп, былғарымен қаптап шыққан. Ою-өрнекпен көмкеріп, қыран бүркіттің де бейнесін ұтымды үйлестіре білген. Жылдамдық тетігін қамшыға, орындықтарын асыққа ұқсатқан. Енді ол өз қолынан шыққан жаңа көлік дизайнын патенттеп, Елбасына сыйға тартуды армандап жүр.
«Орындықтары да асық үлгісінде жасалған. Қамшы – ол да біздің қазақтың киелі бұйымының бірі. Сол қамшыны жылдамдық тетігіне орнаттым. Қазақы ұғымда қамшыны мақтаныш тұтып, қайсарлықтың, қайрат пен қуаттың символы ретінде қарайды ғой. Сол себепті оны да қолдандым. Ал, рөлін электрондық түймешемен келтірдім»,– дейді Ақдидар Әбдіхалықов.
Асық пішіндес «Асықпа» автокөлігін өндіріске жіберсе болатындай. Ою-өрнекпен көмкерілген, қыран бүркіті қалықтаған көлік мініп жүрсек, жарасымды емес пе?!
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17