15 Қаңтар, 2016

Ортақ істің орайын келтіруде

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сандықтау ауданындағы Пет­ровка ауылының тұрғындары жа­ңа жылда айрықша қуанышқа ие болды. Жуырда мұнда жаңар­тылған мәдениет ошағы пайда­ла­нуға берілді. Ауыл қуанышына құтты болсын айтқан аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов бұл клубтың жер­гілікті ауылшаруашылық құры­лымдарының қаржысы арқы­лы ашылып отырғанына риза­шылық білдірді. Әлеуметтік маңыз­ды нысанның бой көте­­­­руіне «Сан­дықтау-Астық», «Балқы­шын» асыл тұқымды мал зауыты» және «Жабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік көмек көрсетті. Жаңа мәдениет ошағы 100 орынға лайықталғанымен, салтанат шарасына көрші ауылдардың өнерпаздары да қатысып, арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аудан әкімдігі тарапынан сый-сауғалар жасалды. Осы орайда, ауданда соңғы бір айда мемлекет-жекеменшік әріптестігі бастамасымен ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, клуб және дүкен күрделі жөндеуден өткізілгенін атап өткен жөн. Бұл жұмыстарға 30 миллион теңге қаржы жұмсалды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Сандықтау ауданы.