Жамбыл облысында 2012-2015 жылдар аралығында «100 аурухана» жобасы шеңберінде 4 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Ал осы жылдар аралығында «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында 24 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылды. Жалпы алғанда, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2012-2015 жылдары 61 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, еліміздің азаматтары, әсіресе, ауыл тұрғындары стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланады. Бүгінде олар өз еркімен облыстық, республикалық деңгейлердегі емдеу мекемелерін таңдап, тиісті көмек алуда. Емдеуге жатқызу бюросы порталы науқасқа медицина ұйымын еркін таңдауға мүмкіндік ұсынады.
Қазіргі таңда науқастардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыруға, ресурс үнемдейтін технологияларды белсенді түрде дамытуға мүмкіндік беріліп отыр. Ауруханалар стационарлық көмек көрсеткені үшін ақыны бұрынғыдай төсек-орын санына қарай емес, көрсетілген медициналық қызметтер көлеміне және нақты шығындарына сәйкес алып отыр.
Осының нәтижесінде сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізіліп, еркін таңдау құқығы арқылы нарықтық қатынас қалыптастырылып, ресурстарды тиімді қолдану қамтамасыз етілді. Бұл дәрігерлердің біліктіліктерін көтеруге ынтасын арттырды және медицина қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал етеді. Бұл жүйеде қаражат төлеуге облыс бойынша 2015 жылдың 10 айында 1426111,0 мың теңге бөлінді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат мөлшері 2012 жылы – 20,6 млрд. теңге, 2013 жылы – 26,5 млрд. теңге, 2014 жылы – 28,9 млрд. теңге, ал 2015 жылы 30,5 млрд. теңгені құрап отыр.
Ана мен бала өлімін төмендету «Саламатты Қазақастан» мемлекеттік бағдарламасының басты міндеті және мақсаты болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың үлес салмағы өте зор. Балалар мекемелері мен босануға көмектесетін ұйымдарды жабдықтау 2014 жылы 82 пайызды құрады.
Қазақстандағы экономикалық өсудің арқасында отандық медицина қарқынды дамып, жаңа биіктерді бағындыра бастады. Таяуда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округінде 60 орындық туберкулезге қарсы диспансер пайдалануға берілді. Аурухана құрылысына 1 168,4 млн. теңге, ал медициналық құрал-жабдықтар үшін 149,6 млн. теңге жұмсалды. Әлеуметтік маңызы бар нысанды жобалау және оның құрылысын жүргізу жұмыстарымен «Национальный центр Құрылысконсалтинг» ЖШС мен «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС айналысты. Үш қабаттан тұратын бұл ауруханада 9 бөлім бар. Бұл диспансер Байзақ ауданы тұрғындарына жоғары кәсіби стационарлы медициналық қызмет көрсету және алдын алу шараларын өткізумен қатар, туберкулезге шалдыққан науқастарға кешенді ем-дом жүргізетін болады.
Денсаулық сақтау саласындағы қарқынды құрылыстар мұнымен тоқтамайды. Енді биылғы жылы Тараз қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухана мен Меркі және Талас аудандарында 2 емхана пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17