14 Қаңтар, 2016

Канадаға үш ай ішінде Сириядан 10 мың босқын келді

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-01-2016-KanadaАСТАНА. 14 қаңтар. 2015 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Сириядан Канадаға келген босқындар саны 10 мың адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі кезде қоныс аударғандардың 5 мыңға жуығы толық қаржыландырылды. Халық арасында өткізілген іс-шаралардың, жеке тұлғалардың қайырымдылық ретінде берген көмегінің, сондай-ақ, мемлекеттің бөлген қаржысының арқасында олардың жағдайы бір қалыпқа түсті. Өткен жылдың 4 қарашасынан бері канадалық BBC ұшағы Иордания, Ливан елдерінен арнайы босқындардың қоныс аударуына мүмкіндік жасады. Канаданың көші-қон, босқындар мен азаматтық беру ісіне жауапты министрі Джон Маккалум өткен жылы желтоқсан айының соңында, 2016 жылдың 1 наурызына дейін 25 мың сириялықтар көшіп келетінін мәлімдеген. Алайда, желтоқсан айының басында, Сириядан келген 35 мың адамды қабылдап, толық жағдай жасауға мүмкіншілігі бар екенін айтқан болатын: 25 мың босқынға мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілсе, қалғанына тұрғындар арасынан бөлінген қайырымдылықтан көмек көрсетілмек. Джон Маккалум, сондай-ақ, жыл соңына дейін Таяу Шығыс елдерінен 50 мың адамның келуі мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, премьер-министрлік лауазымына сайлауалды бағдарламасында Джастин Трюдо 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін 25 мың сириялық босқынды көшіруге барынша жағдай жасалатынын мәлімдеген. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: zmiya.com.ua.