АСТАНА. 14 қаңтар. АҚШ президенті Барак Обама арнайы түрде босқындарға көмек көрсету үшін құрылған мемлекеттік қордан 70 миллион доллар қаржы бөлінетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Барак Обама бұл істі мемлекеттік хатшы Джон Керриге тапсырды. «Бөлінген қаржы босқындар мен мигранттардың Құрама Штаттарға өту бағдарламасы жүзеге асқаннан кейін қажеттіліктеріне жұмсалады» деп президент баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылы 30 қыркүйек күні АҚШ-қа 85 мың босқын қоныс аударды. Бұл көрсеткіш жоспарланған межеден 10 мыңға көп. Ал осы жылы 100 мыңға дейін барады деп күтілуде. Соңғы үш жыл ішінде Құрама Штатарда босқындарға берілетін квота саны 70 мыңнан аз болған емес.
Өткен жылдың күзінде президент әкімшілігі гуманитарлық көмек ретінде Сириядан келген босқындарға 419 миллион доллар қаржы бөлінетінін мәлімдеген. Президент үйінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылған мекемесі арқылы қаржының іске асырылатынын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, Сириядағы қақтығыс оқиғалар басталғалы ел халқына АҚШ басшылығы гуманитарлы түрде 4,5 миллиард доллар көмек көрсеткен.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: zn.ua.
• 14 Қаңтар, 2016
АҚШ босқындар үшін 70 миллион доллар қаржы бөледі

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29