18 Қаңтар, 2016

«Astana arlans» клубы құрамын жариялады

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
18.01.2016 AST-13 АСТАНА. 18 қаңтар. «Астана арландары» жартылай кәсіпқой клубы биылғы маусымда өнер көрсететін боксшыларының тізімін жариялады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен, биылғы маусымда команда құрамында мына боксшылар қолғап түйістіреді: 49 кило: Мардан Берікбаев, Теміртас Жүсіпов, Жомарт Ержан; 52 кило: Олжас Сәттібаев, Азамат Исақұлов, Азат Махметов; 56 кило: Мейірболат Тоитов, Нұрбол Қалжанов, Нұрсұлтан Көшеғұлов; 60 кило: Зәкір Сафиуллин, Ержан Мұзафиров, Бекдәулет Ибрагимов; 64 кило: Самат Бәшенов, Асқат Уәлиханов, Сабыржан Бақбергенов; 69 кило: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов, Бекзат Халметов; 75 кило: Мейірім Нұрсұлтанов, Аманкүл Әбілхан, Ерік Әлжанов, Рустам Сваев; 81 кило: Әли Ахмедов, Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек; 91 кило: Мұхамеджан Еркін, Рахман Әлжанов; +91 кило: Нұрсұлтан Аманжолов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұржан Бекзатов. «Астана арландары» жартылай кәсіпқой бокс клубы 2010 жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бастамасымен құрылды. Команданы әр жылдары Бейбіт Есжанов, Сергей Корчинский, Марат Жақиев сынды білікті жаттықтырушылар жаттықтырды. Жаңа маусымда «арландарды» Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков бастап шығады. Нұрлан Сәкенұлы Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың жеке ұстазы. Ол бұған дейін команданың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, жекелеген боксшылармен бапкерлік тәжірибесін бөлісті. Нұрлан Ақүрпековтің келуімен жаттықтырушылар кеңесінде біраз өзгерістер болды. Былтыр бас жаттықтырушы Марат Жакиевпен тізе қосып жұмыс істеген Нұрғали Сафиуллин мен Александр Стрельников биыл Олимпиада жылы болғандықтан ұлттық құрамаға ауысты. Қазіргі таңда команданың жаттықтырушылар штабында Болат Жұмаділов, Бейбіт Есжанов, Нүркен Андасов, Ермек Ертаев және Андрей Спиридонов сынды білікті мамандар бар. Тағы бір айта кетерлігі, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов «арландар» командасында кеңесші қызметін атқарады. «Астана арландарының» жаңа құрамына 30 боксшы тіркелді. Былтыр өнер көрсеткен Данияр Елеусінов, Қайрат Ералиев, Жәнібек Әлімханұлы, Василий Левит, Иван Дычко сияқты тәжірибелі боксшылар Рио-де-Жанейро Олимпиадасына байланысты ұлттық құрамаға қосылды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «Astana arlans» жартылай кәсіпқой клубы.