18 Қаңтар, 2016

«Astana arlans» соңғы бес маусымда екі рет жеңімпаз атанды

289 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
18.01.2016 AST-10 АСТАНА. 18 қаңтар. «Astana arlans» соңғы бес маусымда екі рет жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабаралады. Сонымен бірге команда бір рет екінші орынды, екі рет үшінші орынды иеленді. Команда Бүкіләлемдік бокс сериясының осыған дейін өткен бес маусымында үш рет алғашқы жекпе-жектерін өз жерінде өткізді. 2010/11 жылғы маусымда «арландар» топтық бәсекенің тұсаукесер жекпе-жегінде Оңтүстік Корея командасын қабылдап, қарсыластарын 5:0 есебімен жеңсе, 2013/14 жылғы маусымның алғашқы жекпе-жегінде Әзербайжан боксшыларынан 4:1 есебімен басым түсті. Былтыр Венесуэла командасымен болған алғашқы кездесуде «арландар» қонақтарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Төменде «Астана арландары» клубының маусымашар жекпе-жектері: 2010-11 жыл. «Астана арландары» – «Pohang Poseidons»(Оңтүстік Корея) – 5:0. 2011-12 жыл. «Los Angeles Matadors» (АҚШ) – «Астана арландары» – 3:2. 2012-13 жыл. «Ukraine Otamans» (Украина) – «Астана арландары» – 2:3. 2013-14 жыл. «Астана арландары» – «Baku Fires» (Әзірбайжан) –  4:1. 2015 жыл. «Астана арландары» - «Veneszuela Caciques»(Венесуэла) – 5:0. Былтырғы маусымның қорытындысы бойынша «Астана арландары» командасында 91 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Енді ол ұлттық құрама сапында Олимпия ойындарына қатысады. Бүкіләлемдік бокс сериясы арқылы Олимпия ойындарына жолдама алған тек Василий Левит қана емес. 81 және 91 килодан аса салмақтарда жұдырықтасқан хорватиялық легионерлер Хрвое Сеп пен Филип Хргович те былтырғы маусым қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді. Филип Хргович әлемдік рейтингті бірінші орынмен аяқтады. Хрвое Сеп болса, AIBA басшыларының тағайындаған қосымша жолдамасына ие болды. Биылғы маусымда APB мен WSB жобаларына қатысатын боксшылар арасында Олимпиаданың 26 жолдамасы сарапқа салынады. Бұл жарыстарға «Астана арландары» құрамынан  кімдердің қатысатынын клуб жаттықтырушылары мен ұлттық құрама бапкерлерінің кеңесі өзара ақылдаса отырып шешеді. Бүкіләлемдік бокс сериясының тарихында «Астана арландары» командасы ең көп жүлде алған ұжымдардың бірі. 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жобада «арландар» екі рет бас жүлдені (2013, 2015) жеңіп алса, бір рет (2011) екінші орынды иеленді. 2012 және 2014 жылдары жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Бүкіләлемдік бокс сериясында жүлде алған командалар саны – 9. Олардың ішінде 4 команда ғана аталмыш жобаның жеңімпазы атанған.  
  Команда 2010/11 2011/12 2012/13 2013/2014 2015
Astana Arlans 2-орын 3-орын 1-орын 3-орын 1-орын
Куба қабыландары - - - 1-орын 2-орын
Dolce & Gabbana - 1-орын 3-орын - -
Paris United 1-орын - - - -
Baku Fires 3-орын 3-орын - 2-орын -
Russian Boxing Team - 2-орын - 3-орын 3-орын
 Ukraine Otamans - - 2-орын - -
Mexico City Guerreros - - 3-орын - 3-орын
  Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «Astana arlans» жартылай кәсіпқой бокс клубы.