18 Қаңтар, 2016

Велоспортшы Артем Захаров Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.01.2016 AST-14 АСТАНА. 18 қаңтар. Велоспортшы Артем Захаров Қытайдың Сяньган қаласында өткен Әлем кубогы жолындағы жарыста қола жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол жарыста жақсы өнер көрсетті. «Скретч» жарысында әлемнің үздік велошабандоздарының бірі саналатын Марк Кевендиш (Ұлыбритания), Лэйс Хансон (Дания) мен Томас Будэні екі кезеңде (Франция) басып озды. Алайда, соңғы үшінші кезеңде Артем Захаров 172 ұпай жинап, қола жүлдені иеленді. Бұл сында Будэ мен Хансон қазақстандық спортшыдан жақсы нәтиже көрсетті. Захаровтың жаттықтыршысы Сергей Кручина шәкіртінің Сяньганның тасжолдарындағы жарысына жақсы баға берді. «Егер Артем Олимпиаданың жолдамасын алып, Рио-де-Жанейрода өнер көрсетсе, Қазақстан төрт жылда бір келетін додада медаль алатын болады», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет журналист Жанар Өтешеваның Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынана алынды. 18.01.2016 AST-15