АСТАНА. 18 қаңтар. Бүгін теннистен «Үлкен дулыға» санатына жататын маусымашар турнир – Australian Open сайысы басталды. Осы турнир алдында белгілі болған жайт теннис әлемін дүр сілкіндірді. Атап айтқанда, әлемдік элитадағы кейбір теннисшілер келісілген ойынға қатысы бар деген күдікпен айыпталып отыр. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
BBC-дің мәлімдеуінше, телеарна мен BuzzFeed News медиа-компаниясы қызметкерлерінің қолына 2007 жылдан басталған ATP ойындарына жүргізілген тергеудің нәтижелері түскен. Ол құжаттарда Ресей аумағында, сондай-ақ, Италияда (солтүстік өңір мен Сицилияда) ойын синдикаттарына қатысты әрекеттер байқалғаны расталған. Нәтижесінде, тергеушілер келісілген деп баға берген кездесулерге кейбіреулер бәс тігу арқылы жүздеген мың фунт стерлинг табыс тапқан. Корпорацияның хабарламасына қарағанда, сондай үш ойын Уимблдон турнирінде ойналған.
Құпия тергеу әрекеттерінің нәтижесінде 2008 жылы келісілген ойынға қатысы бар 28 теннисшінің аттары белгілі болды. Алайда, олардың іс-әрекеттері одан әрі тергелмей, спортшыларға ешқандай шара қолданылмады.
Сонымен қатар, жетекші букмекерлік конторлардағы бәс тігуге бақылау жүргізетін еуропалық ұйым 2015 жылы 50 ойынның нәтижесін күдікті деп таныған. Сондай-ақ, өзге спорт түрлерімен салыстырғанда, теннисте мұндай жағдай көп кездесетініне назар аударылған.
ВВС аталған тізімге енген 8 теннисші биылғы Австралия ашық біріншілігіне қатысатынын да хабарлап отыр. Әзірге ол спортшылардың кінәсі дәлелденбей, аты-жөндері жарияланбайды. Десек те, қазірдің өзінде күдікті теннисшілердің есімдері телеарнаға белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: eurosport.ru.
Сурет: unian.net.
• 18 Қаңтар, 2016
Бірқатар теннисші келісілген ойынға қатысты күдікті деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36