19 Қаңтар, 2016

Франция экономикасында «төтенше жағдай» жарияланды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-01-16-Olland-1

АСТАНА. 19 қаңтар. Франция президенті Франсуа Олланд қазір «Франция экономикасы төтенше жағдайда» тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Олландтың айтуынша, жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен күресу үшін 2 млрд. еуро қаржы жұмсалатын болады. Енді экономикалық проблемаларды шешу үшін жаңа шаралар керек. «Алайда, мемлекет басшысы бұлардың салықты көбейту есебінен шешілмейтініне уәде берді», - деп хабарлады France24. Францияның басты проблемаларының бірі жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы болып отыр. Мұны француз президенті «тұрғындар үшін қауіпсіздіктен де жоғары тұрған жалғыз мәселе» ретінде атап өтті. Жұмыссыздықпен күресу үшін ел билігі 2 млрд. еуро сомасында қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Қазір Франциядағы жұмыссыздық 10 пайыз (3,6 млн. адам) шамасын құрайды. Олланд реформа қарқынының жеделдетілетінін баяндады. Адамдарға жұмыс орындарын қайтарып берудің ендігі басты кілті инновация болмақ. Руслан Игілік. Дерек, фото: ТАСС.