19 Қаңтар, 2016

Бүгін Қарулы Күштер тәрбиешілерінің институты құрылды

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 19 қаңтар. Бүгін осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елімізде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әскери қызметшілермен жұмыс жасауда жауынгерлік және моральдық рух негізгі басымдық болып қаралмайтын армия жоқ шығар, сірә. Армия үшін барлық негіздердің негізі және мұндағы маңызды роль тәрбиеші офицерлерге жүктелген. Олардың міндеті нағыз әскери қызметші етіп тәрбиелеу. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты өзінің құрылу күнін атап өтуде. Бүгінде ҚР ҚК тәрбие құрылымдарының әскери қызметшілері-командирлік қасиетке, харизмаға, ерік-күшке, жеке құраммен жұмыс жасау және ұжымды жұмылдыру қабілеттілігіне ие мамандар. «2015 жыл сәтті болды. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Құрлық әскерлерінде, Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде көптеген ірі ауқымдағы іс-шаралар және 60-тан аса флешмоб өткіздік. Мақсатымыз – әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру, оқу-жауынгерлік тапсмырмаларды сапалы орындау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, жоғары моральдық рух, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу», деп атап өтті ҚР ҚК Құрдық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов. 23 жыл бұрын қолданыстағы тәрбиешілер институты қазақстандық армияда құрылып жатқан кезде қыруар жұмыс болды. Сол сәттен бастап тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен бірлесіп бөлімшелерде моральдық-адамгершілік жағдайды қалпына келтіру, әскери қызметтің беделі мен имиджін арттыру, жеке құрамның ар-намысының қорғалуын қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін үлкен тәрбие жұмысын атқарды. «Қазіргі уақытта тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Әскери-теңіз күштерінде тәрбиешілердің штаты осындағы басқармалардағы жоғары буыннан бастап бөлімшелердегі төменгі буындармен аяқтай отырып, толық жасақталған. Осы жылдан бастап жұмысымызға жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету қосылды. Себебі, әскери теңізшілер жерден, өздерінің отбасыларынан ұзақ жырақта жүреді Онымен қоса әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау бойынша міндеттер. Олар жағада қалып қояды және осы уақыт ішінде олардың шешуді қажет ететін әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелер туындайды», деді ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев «Бүгінде тәрбие құрылымдары офицерлерінің кәсіби қасиеттеріне жоғары талап қойылады, тәрбие және идеологиялық жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша жаңа тапсырмалар берілуде, сондай-ақ жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық қасиеттері қалыптастырылуда», деді Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов. Олар өздерінің жұмысын ҚР ҚК барлық әскери бөлімдері мен түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтың бөлімшелерінде жүргізуде. Жұмыс әркез айқын көріне бермейді. Алайда, армияның жоғары жауынгерлік рухы, тәрбие алып жүрген ұжымның жұмылуы және мұқалмауы – соның жақсы бір дәлелі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы орғаныс министрлігі. ????????????????????????????????????