АСТАНА. 19 қаңтар. Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты кадрлық әскери қызметші десантшыларды түлетіп шығарады. Қазіргі уақытта десантшы курсанттарды оқыту үшін Әскери институтта жеке кафедра құру туралы мәселе қаралуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Әуе-десанттық әскерлер және әскери барлау» факультетінің түлектері Қарулы Күштер мен еліміздің әртүрлі ведомстволық құрылымдарында қызмет өткеруде. Олар дене түрғысындағы жүктемелерді, жүйке-психикалық күйзеліс пен оқу-жауынгерлік қызметтің қолайсыз факторларына төзімді болып келеді. Армиямыздың жарақтандырылуындағы қару мен жауынгерлік техниканы меңгерген.
Оқу кезеңінде орташа есеппен курсант парашютпен 21-26 секіру жасайтынын айта кетейік. Секірулер ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-көліктік авиациясының Ан-2, Ан-12 ұшақтары және Ми-8 тікұшағынан орындалады.
Дене даярлығы – десантшы офицерлерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды және ажырамас бөлік болып саналады. Спортпен шұғылдану және сабақтарды өткізу үшін институтта спорт кешені бар. Онда курсанттар гимнастика, ауыр атлетика және қоян-қолтық ұрыс бойынша өздерінің шеберліктері мен машықтарын шыңдайды. Барлық десантшы курсанттар қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімдерге қатысады. Сонымен қатар жүзу хауызы бар. Қазіргі сәтте ол хауызда жеңіл сүңгуірлік керек-жарақта сүңгуді пысықтау жөнінде мәселе қаралуда.
«Әуе-десанттық әскерлердің тактикасы», «Әскери барлау» оқу пәні бойынша практикалық сабақтар Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өткізіледі. Өзге мамандықтардың курсанттарынан айырмашылығы оқу-жаттығу орталығына бару және институтқа кері қарай қайту тактика және әскери барлау бойынша оқу сұрақтарын пысықтай отырып, жаяу жүріс тәртібінде іске асырылады.
Оқыту бағдарламасы адами десанттық парашюттерді, парашюттік-десанттық ыдысты және әуе-десанттық дайындық жөніндегі сабақтарды өткізу әдістемесін зерделеуде негізделеді. Факультет түлегі әртүрлі мамандықтағы сарбаздарды парашюттік секіруді орындауға даярлай алады, материалдық бөлікті біледі, жеке құраммен әуе-десанттық даярлық жөніндегі сабақтарды өткізе алады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
• 19 Қаңтар, 2016
Десантшы курсанттар оқу барысында парашютпен 25 мәрте секіреді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше