ОРАЛ. 19 қаңтар. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшылығына бұрын мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Мирболат Нұртазин тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хбарлады.
Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы 1956 жылы 19 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Тасхутор ауылында туған. 1982 жылы Саратов мемлекеттік педагогикалық институтын мұғалім, ал 2002 жылы Орталық-Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1976-1983 жылдар аралығында сол кездегі Орал облысындағы Кузнецов ауылдық мектебінде мұғалімдік қызметін бастады.
1986-1989 жылдар аралығында Каменька аудандық комитетінде инструктор болып қызмет еткен. 1989-1999 жылдары Тасқала аудандық әкімі аппараты бөлім меңгерушісінің орынбасары болды, кейін сол бөлімді өзі басқарды. 1999-2000 жылдары Батыс Қазақстан облыстық аппаратының кадр бөлімінде бас маман болып жұмыс жасады. 2000-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінде басқарма басшысының орынбасары, дисциплинарлық кеңес секретариатының меңгерушісі сынды қызметтерді атқарды.
Ал 2014 жылдан осы күнге дейін дисциплинарлық кеңес секретариатының меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары қызметтерін уақытша атқарып келген.
Өткен жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылған болатын. Бұл ведомствоның басты мақсаты мемлекеттік қызмет пен жемқорлықтың алдын алу сапасының жаңа моделін жүзеге асыру болып табылатынын айта кеткен жөн.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mgorod.kz.
• 19 Қаңтар, 2016
Батыс Қазақстанда департамент басшысы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше