АСТАНА. 19 қаңтар. Жолаушылар нәсілдік кемсітушілікке жол берген American Airlines әуе компаниясынан 6 миллион АҚШ долларын талап етуде. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Төрт америкалық азамат – үш мұсылман және бір сикх нәсілдік ерекшеліктеріне қарай кемсіткені үшін American Airlines әуе компаниясынан 6 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Дүйсенбі күні олар осындай мағынадағы талап арызды Нью-Йорк қалалық сотына берген.
Арызданушылар әуе компаниясын өткен жылдың желтоқсан айында Канаданың Торонто қаласынан Нью-Йоркке ұшқалы тұрған ұшақтан өздерін қызметкерлердің негізсіз әрі еш себебін түсіндірместен түсіріп тастағаны үшін айыптап отыр.
Экипаж мүшелері жолаушыларды тым дөрекі түрде ұйқысынан оятып, ұшақ салонын босатуды талап еткен. Бұл талапты түсіндіруді өтінгенде стюардтар жолаушыларға терминалға қайта барып, сол жерде алдағы өкімді күтулерін ұсынған.
«Мұндай жағдай өзімді бір қылмыскер секілді сезіндірді. Құдды мен бір биікте тұрып, елдің бәрі маған саусағын шұқшитып, кінәлап тұрғандай болды», – деп жәбірленушілердің бірі CNN телеарнасына мәлімдеген. Алайда, ол өзінің аты-жөнін жария етпеген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, American Airlines компаниясының өкілі оқиғаның мән-жайын ұшақ Нью-Йорк-ке ұшып кетіп, төрт жолаушы терминалда қалғаннан кейін ғана түсіндіріп берген.
«Біздің бортта болуымыз экипаж мүшелерін, әсіресе, командирге ыңғайсыздық келтірген. Олар жағымсыз жолаушыларды түсіріп тастамайынша рейске қызмет көрсетуден бас тартқан», – дейді Нью-Йорктің 23 жастағы тұрғыны.
Ол компания өкілдерінен бұл жағдайға оның бет-жүзінің қараторылығы мен өзі мен жанындағы жолдастарының сақалы қандай да бір рөл атқарғаны туралы сұраған. Алайда, American Airlines өкілі бұл ерекшеліктер «осы іске еш көмектеспегенін» мойындаған.
Әуе тасымалы әзірге талап арыз туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Компания істің анық-қанығымен танысқаннан кейін бірден жауап беретіндіктеріне уәде берген. Қазіргі таңда АҚШ-та нәсілдік ерекшеліктері мен діни көзқарастарына қарай кемсітушілік мәселесі өзекті болып тұр. Өткен жылы 13 қарашада Парижде болған лаңкестік оқиғадан кейін осыған ұқсас жағдайлар жиілеп кеткен. Естеріңізде болса, Франция астанасындағы қанды оқиға кезінде 130-дан астам адам қаза болған еді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: Wikipedia.org.
• 19 Қаңтар, 2016
Жолаушылар American Airlines-тан 6 млн. доллар талап етуде

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше