АҚТӨБЕ. 19 қаңтар. Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Азаттықты аңсаған Алтай батыр» атты өлке тарихының өзекті мәселелерін қамтыған ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кітапхана фойесінде Алтай батырдың өмір жолын алғаш зерттеп, оны Алматы, Мәскеу, Орынбор мұрағаттарынан тапқан деректерімен ғылыми негіздеп жазған тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, марқұм Беркін Құрманбековтің «Алтай батыр» атты кітабы көрмеге қойылды.
Конференцияға тарихшы ғалымдар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары, Байғанин ауданының ардагерлері мен мектеп мұғалімдері, қаламыздағы арнаулы орта, жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты.
Шараға қатысушылар ғалым, өлкетанушы Беркін Құрманбековтің еңбек жолы туралы «Тарихтан тағылым танытқан тұлға» атты кітап көрмесін тамашалады. Көпшілік назарына Алтай батырға арналған фото-слайд ұсынылды.
Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Абдоллаев өз баяндамасында өлкетанушы ғалым Беркін Құрманбековтің терең мазмұнды, ғылыми дерегі мол «Алтай батыр» монографиясының құндылығы жайында, Әбілқайыр ханның серігі болған Алтай батыр Ебескіұлының ірі тарихи тұлға, талантты әскери қолбасшы болуымен қатар ойшыл, қара қылды қақ жарған би болғаны жайлы әңгімеледі. Байғанин аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, өлкетанушы И.Ермекбаев Алтай батырдың жерленген жеріне қатысты өз пікірін айтты. Байғанин өңіріндегі Терісаққан өзенінің бойындағы «Алтай қорымының» фото-слайдын көпшілік назарына ұсынды. Басқа да шығып сөйлеушілер Алтай батырға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 19 Қаңтар, 2016
Ақтөбеде Алтай батырға арналған конференция өткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше