Қазақстан-Ресей шекарасында пневматикалық қарумен және газ баллоншалармен қаруланған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Жағалау күзеті өңірлік басқармасының «Құрманғазы авто» тексеріп-өткізу пунктінің шекара наряды Ресейден біздің елімізге қарай «Лада Ларгус» автокөлігімен келе жатқан 46 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.
Көлікті тексеру барысында 9 дана газ баллоншалары, әрқайсысында 500 данадан екі қорапқа салынған 4,5 мм мыс шарлары табылды. Бұл мыс шарлар пневматикалық тапаншаға арналғандықтан әрі қарай тапаншаның өзі іздестіріліп, ол («GLETCHER GHR941» маркалы 4,5 калибрлі қару) азаматтың сырт киімінің ішіндегі қапшықтан табылды.
Ұсталған азамат туралы құқық қорғау органдары құлақтандырылып, тергеу-тексеру жұмыстары басталды.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше