қалатын ұшақты украин конструкторы ойлап тапты
Украин өнертапқышы Владимир Татаренко әуе кемесі апатқа ұшырап, жерге қарай құлдилаған жағдайда онда отырған барлық жолаушыларды аман алып қалатын құрылғы ойлап тапты. Тапқыр инженер мұны апат орын алған бойда ұшақтан бөлініп шығатын капсуланың көмегімен жасамақшы. Ал капсуланың ішінде жолаушылар мен олардың жүктері болады.
Өнертапқыш лайнердің ұшуға беттеуі, ұшуы және қонуы барысында болуы мүмкін апаттар кезінде осы капсуланың жолаушылардың өмірлерін аман сақтап қалатынын айтады. Бұған құрылғының жоғарғы жағынан тартып тұратын өте мықты парашют көмектесетін болады. Ұшақтың соған байланған бөлігі жерге немесе суға қалықтап келіп қонады да, әрі қарай батпай тұрып қалады.
Конструктор өзінің бұл жобасын үш жыл дайындапты. Осы мақсатта жерге келіп қона алатын үрлемелі камераларды да қарастырған. Сол сияқты парашют жүйесін кевлар мен карбон секілді жеңіл материалдармен құрап көрген. Бірақ бұл жерде инженердің ұшқыштарды аман алып қалуды ұмытып кеткені анық аңғарылады. Ал жұртшылық арасына сұрау салып көргенде, олардың 95 пайызы қанша қымбат болса да, өздерінің қауіпсіздіктері үшін осы ұшаққа билет алуға дайын екендерін білдіріпті.
Мұрат АЙТҚОЖА.
https://www.youtube.com/watch?v=JeSdj7NC7ZE&feature=player_embedded

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше