20 Қаңтар, 2016

Өртенген кемеден 57 адам құтқарылды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа Зеландия жағалауында отқа оранған кемеден судан құтқару жасағы 57 адамды аман алып шықты. Жергілікті Maori Television арнасының мәліметінше, өрт елдің солтүстік аралына қарасты Фатакан қаласына таяу жағалауда орын алған. Жанып жатқан кемеден жолаушыларды сыртқа шығару үшін құтқарушылар жасағы мен бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қызыл жалынның тырнағынан құтқарылғандардың бірі түтінге уланып қалған. Ал тағы бірі өртенген кемеден секіремін деп ауыр жарақат алған. Қазір оларға дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде. Дерек көздерге сүйенсек, су көлігі White Island Tour компаниясына тиесілі. Айта кетейік, арнайы топ кеменің өртенуінің салдарын анықтау үстінде. Әзірге қандайда бір нақты мәлімет жоқ. Төребек ТҰРМАНОВ.