20 Қаңтар, 2016

Тоқсанында танк айдаған

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5-17«Астана» өңірлік қолбасшылығында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Ұлы Отан соғысының танкіші ардагері Исмағил Ғалиуллин жас әскери қызметшілерге шеберлік-сыныбын өткізді. Тоқсан жасқа келгеніне қара­мастан, жауынгерлік машинаны басқару дағдысын жоғалтпаған ардагер Т-72 танкісінің иінтірегіне отырды. Қазіргі кезде армияның жа­рағында анағұрлым ауыр құрышты, қару-жарағы мен техни­калық тұрғыда жабдықталған заманауи жауынгерлік машиналар бар екенін айта кетейік. Алайда, танкіші ардагер үшін жаңа техниканы меңгеру аса бір қиындық туғызған жоқ. Исмағил Ғалиуллин Ұлы Отан соғысы жылдары танкіші болды және өзінің қызмет еткен жыл­дарын есіне түсіргісі келді. «Ас­тана» өңірлік қолбас­шы­лы­ғының әскери қызметшілері ардагерге бұл жайтты есіне алуға көмектесті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ғалиуллин атышулы Т-34-те шайқасты. Бүкіл Еуропаның шай­қасын бастан кешіріп, соғысты Берлинде аяқтады. Жақында ғана Ұлы Отан соғы­сының ардагері өзінің 90 жылдығын атап өтті. «Астана» өңірлік қолбас­шылығы әскерлерінің қолбас­шысы, генерал-майор Сұл­тан Ка­малетдинов ардагерді құттық­тап, бағалы сыйлық табыс етті. «Исмағил Ниғматұлы, біз сізге ұзақ ғұмыр тілейміз және әр­қа­шан көмектесуге дайынбыз. Бү­гінгі таңда сіз сияқты Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері өте аз қалды. Біз ерлігіңізді ешқашан ұмыт­паймыз», – деді қолбасшы өзінің сөзінде. «Егемен-ақпарат».