20 Қаңтар, 2016

Ортақ мүдде орайындағы кездесу

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ресей және Қазақстан теміржолдарының басшылары ортақ қадамдарын белгіледі Мәскеуде «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Олег Белозеровтің «Қазақстан темір жолы» АҚ басшысы Асқар Маминмен кездесуі болып өтті. Кездесуде Бірлескен көлік-логистикалық компаниясын (БКЛК) әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. БКЛК құру ЕАЭО кеңістігінде көліктік-логистикалық қызметтер көрсетудің технологиялары мен стандарттарын енгізу үшін бір­тұтас интеграциялық тұғырнама орнатуға іргетас қаласа, бұл өз кезегінде, трансқұрлықтық маршруттарда тасымал ағынын қайта бағдарлау үшін күш біріктіруге және жаһандық бәсекеге қабілетті Еуразиялық дәліз қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осыған орай, тараптар БКЛК жұмысының алғашқы практикалық нәтижелері компанияның – кон­тей­нерлік сервистік қызметтер көр­­сетудің интеграторының биз­нес-идеясының дұрыстығын қуат­тап бергенін атап көрсетті. Тараптар БКЛК-ның бизнес-моделін табысты жүзеге асыру үшін ұлттық жобалардың кө­ліктік-логистикалық инфрақұ­рылымдарын дамыту саласында ұлттық жобаларды үйлестіруді жалғастыру қажет екенін атап өтіп, жүктерді жеткізу мен ұзақ мерзімді тарифтік саясат жүргізу, контейнерлік пойыз­дар қозғалысының кестесін сәй­кестендіру өтпелі логистикалық қызметтерге кепілдік беретінін көлденең тартты. Аталған шаралар БКЛК-ға рыноктың өзгерістеріне дер ке­зінде қайырылуға, оған қаты­сушыларға барынша бәсекеге қабілетті логистикалық өнім ұсы­нуға мүмкіндік береді. «Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы» АҚ Еуразиялық эко­номикалық одаққа қатысу­шы елдер – Беларусь, Ресей және Қазақстан теміржол әкім­ші­лік­терімен 2012 жылдың 31 мамырындағы Біртұтас эко­но­микалық кеңістіктің (БЭК) көліктік-логистикалық жүйесін дамыту туралы меморандуммен және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылдың 29 мамырындағы кө­ліктік-логистикалық жүйені дамыту және қатысушы елдердің тран­зиттік әлеуетін жүзеге асыру жөніндегі шешімімен бекітілген уағдаластықтарға сәйкес 2014 жылдың 13 қарашасында құрылған болатын.  «Егемен-ақпарат».