20 Қаңтар, 2016

Негізгі мақсатты тағы бір нақтылады

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Зухра САЯПОВА,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің ең басты жетістігі – Тә­уелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекеленетін жылдың басында әлемде болып жатқан қиындықтарға қарамастан, үлкен мақсаттарды алға қоя отырып, оған жетуге ынталандыратын нақты қадамдардың маңыздылығын «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында тағы да атап көрсетті. «Қазақстан-2050» Стратегия­сында көрсетілген Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қа­та­рына қосылу мақсатының орындалуы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан бастау алады. Президентіміздің аталған мақаласында жалпы «Ұлт Жос­пары – 100 нақты қадам­да» бес институттық реформа ая­сын­дағы мақсаттар мен міндеттердің негізгі бағыттары айқындалған. Сонымен қатар, онда көрініс тапқан мәселелер Ұлт Жоспарының әр қадамы бойынша Елбасының түйіні және алдағы уақытта Үкімет пен билік органдарына қойған басты талаптар жиынтығы деуге болады. Өткен 2015 жыл – Бес инс­титуттық реформаның жария­ла­нуы мен оны жүзеге асыру үшін заңнамалық және ұйым­дастырушылық қамтамасыз еті­луімен ерекшеленді. Бұл ау­қым­ды жұмысқа Парламенттегі депутаттық корпус та, мемлекеттік органдар да белсенді түрде атсалысты. Соның нәтижесінде Мемлекет басшысы Парламенттің заң шығарушылық ісіне жоғары баға берді. Депутаттар үшін бұл үлкен мәртебе. Енді осы ре­­фор­маларды нақты жүзеге асыру басталады. Сондықтан да әрқайсымыз қазақстандық арманымыздың орындалуына бар күш-жігерімізді жұмылдыру арқылы үлес қо­суымыз қажет. Ал қазақстандық арманға жету дегенді мен еліміздің әр аза­­матының асқақ армандарына жету жолы деп түсінемін. Себебі, Елбасымыз өз мақаласында аза­маттарымыздың осы мақсатқа жету жолында бүгінгі күні ұсы­нылып отырған заңнамаларды, яғни өз құқығы мен міндеттерін және мүмкіндіктерін білуіне, оны жете пайдалануына ерекше мән береді. Ұлт Жоспары шең­­берінде жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару мен құқықтық тәртіп жүйесіндегі реформалар халқымыздың экономикалық және азаматтық белсенділігін арттырып, еліміздің әрі қарай дамуына ықпал ететін болады. Мақалада Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл ішінде атқарған жұмысына да баға беріп, көпэтносты ел болу – біздің өзге елдерден басты ерекшелігіміз және аса үлкен байлығымыз еке­­нін атап өтті. Расында да, Қазақстанның бүгінгі жетістіктері, халықаралық аренадағы беделі этносаралық ынтымақ пен бірлікке тікелей байланысты. Әлемде болып жатқан түрлі жағдайларға қарап, ел ішінде тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімді барынша нығайтудың маңыздылығын тағы да атап көрсету ешқашан артық болмайды. Барлық салаларды жан-жақты дамытуға бағытталған Ұлт Жоспарын орындау, реформаларды табысты жүзеге асыру, эко­номиканы жаңғырту – ұлт бірлігін әрі қарай нығайтудың бас­ты жолы болмақ. Осынау ұлы істерді жүзеге асыруға Ассамблея да өзіндік үлес қосады. Зухра САЯПОВА, Парламент Мәжілісінің де­путаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.