Алдымен, осындай қадамға баруға қандай қажеттілік болды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл ретте ең бірінші ойға әлемнің қазіргі геосаяси жағдайы оралады. Өйткені, экономикалық дағдарыс күн өткен сайын күрделеніп барады. Ол аздай, сарапшы мамандар алдағы уақытта мұнайдың бір баррелінің бағасы 30 доллардан да төмен түсетінін айтып, дабыл қағуда. Сондай-ақ, алып мемлекеттердің арасындағы кикілжіңдер де отқа май құйып отыр. Міне, осының бәрі жаһандық экономикалық дағдарыстың жай ғана ушықпай, жаңа қарқын ала бастағанынан хабар береді. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын кезектен тыс өткізуді соның бір тетігі деп білемін. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы, елімнің патриоты және үкіметтік емес ұйымның өкілі ретінде Мәжіліс депутаттарының бұл бастамасын толық қолдаймын.
Сайлаудың тағы бір артықшылығы, осы кезде халық өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады. Бұл – Мәжіліс және мәслихат депутаттары халықтың сеніміне қол жеткізеді деген сөз. Ал елдің сенімі адамға жігер беріп, рухын күшейтеді. Өз кезегінде бұл қасиеттер алдымызда тұрған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, бес институттық реформаны және дамыған 30 елдің қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруда септігін тигізеді.
Осы ретте, сайлаудан кейін Парламенттің құрамы қаншалықты жаңарады деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, іскер азаматтар келуі тиіс. Екіншіден, елі үшін отқа түсуден тайынбайтын патриоттар керек. Үшіншіден, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын шын жанашыр азаматтар келеді деп үміттенемін. Міне, сонда ғана біз кез келген экономикалық қиындықтарға төтеп беретін боламыз. Мұндай пікірді, мұндай ойды тек мен емес, барша халық айтып отыр. Олардың арасында кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын өткізуді қолдайтын студенттер де бар.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығының директоры.
• 20 Қаңтар, 2016
Парламентке іскер, патриот азаматтар келуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше