20 Қаңтар, 2016

Сәтбаев қаласының жаңа әкімі тағайындалды

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Идрисов А.А.ҚАРАҒАНДЫ. 20 қаңтар. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Асқар Абылайұлы Ыдырысов Сәтбаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. А.А. Ыдырысов 1975 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2005 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-электромеханик, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бері. 2008 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2012 жылдың қазанынан бастап 2013 жылдың маусымына дейін облыс әкімі аппаратының басшысы, Сәтбаев қаласының әкімі болып қызмет етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының аудит қызметі басқарды. Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі Әнуар Омаров денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша қызметінен кетті. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.