ПАВЛОДАР. 20 қаңтар. Барнаулда ұйымдастырылған ХІІ халықаралық музыкалық фестиваль-конкурсында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері Жұлдыз Жұмаділова, Нұргүл Жарылғасова, Құралай Темірбекова Құрманғазының күйлерін орындады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Конкурстың мақсаты жаңа жас таланттарды ашу, үздік орындаушылық дәстүрді дамыту, ән өнерін мәдени мұра ретінде сақтау және байыту. Байқауға 500 орындаушы-музыкант қатысты.
Аталған фестивальде Жұлдыз Жұмаділова «Сирек музыкалық аспаптар» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
Айта кетейік, студент күйшілердің Барнаулға баруына университет ректоры Арын Өрсариев,«Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі Данияр Мерғалиевке қолдау көрсетті. Күйлерді үйреткен кафедраның аға оқытушысы Ырысгүл Сабекова.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 20 Қаңтар, 2016
Барнаулда өткен фестивальде студенттер қазақ күйлерін орындады

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше