20 Қаңтар, 2016

Петропавлда 15 мың адам «иордан» суына шомылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-01-2016-Suga tusu 1ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. Қызылжарда Крещение мейрамына тұрғындардың қызығушылығы жыл өткен сайын артып келеді. Биыл облыс орталығында 15 мыңға жуық адам Есіл өзені жағалауына орнатылған ойықтарда шомылып, денсаулықтарын шыңдаумен қатар рухани жағынана да тазара білді. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. Бұл күні «иордан» суына асығушылардың арасында жастар қатары да қалың болды. Күннің күрт суытуы олардың діни рәсімдерді атқаруына еш бөгет болған жоқ. Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы қалалық жағажайларда суға түсу орындарының қауіпсіздігін жіті қадағалады. Сақылдаған сары аязға қарамастан арнайы 4 көлік және жедел-құтқару жасағының 20 құтқарушысы, 2 медициналық қызметкер кезекшілік атқарды. Алдын ала деректер бойынша діни іс-шараға 15 мыңға тарта петропавлдықтың қатысқаны тіркелді. Ал, құты ыдыстарға «иордан» суын құйып алушыларда есеп болмады. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz. 20-01-2016-Suga tusu 2